ҚСЗИ директоры «Тalqylau» жаңа пікірталас алаңының бірінші отырысында сөз сөйледі

29-03-22

Диалог алаңының жұмысына партия басшылығы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, сарапшылар қауымдастығы, қоғам қайраткерлері қатысты. Отырыстың тақырыбы – Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауы болды.

Өзінің алғы сөзінде ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов «Жаңа Қазақстан» ол үшін басқалармен қатар, сарапшылар тікелей эфирде өте маңызды мәселелерді талқылай алатын жаңа алаңның ашылуы екенін атап өтті.

«Мен үшін Жолдаудағы ең маңыздысы Мемлекет басшысының саяси реформадан бастап, содан кейін ғана экономика тақырыбына көшуі болды. Бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, соғыс болып жатқан осындай аласапыран заманда Президенттің реформалардың қажеттілігін айтуы – батылдықтың көрсеткіші. Ал екінші жағынан, тұрақсыз жағдайға қарамастан біз мемлекет ретінде өз күшімізге сенімдіміз», – деді Еркін Тұқымов.

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке