«ҚСЗИ GPS» сараптама алаңында «Қазақстандағы саяси жаңартулар: Референдум-2022» тақырыбы талқыланды

2022_05_04_crop-12_12_515x773_220405180337395e

Алаңға жиналған саясаттанушылар, жетекші сарапшылар, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ғалымдар мен ЖОО оқытушылары Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев­тың Конституцияға өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу бойынша референ­дум өткізу жөніндегі ұсынысын жан-жақты зерделеп, талдау жасады.

Модератор, Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер инс­титутының директоры Еркін Тұқымов: «Референдум – халықтың еркін білдіру тәсілі ретінде өте кең таралған тәжірибе болып саналады. Көбінесе референдум Швейцарияда кеңінен қолданылады, бұл елде 400-ден астам рет плебисцит орын алған. Референдум Еуропа ел­дерінде соңғы 200 жылда – 149, Орта және Таяу Шығыста – 93, Азия ел­дерінде 30 рет өткізілген екен», деп рефе­рендум тарихына қысқаша шолу жасап өтті. «Конституцияға өзгерістер ен­гізу бойынша референдум өткізу бас­тамасын орынды деп санаймын. Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды тұғырнамасында ел үшін маңызды мәсе­лелердің барлығы жалпыхалықтық талқылау арқылы шешілетінін нақтылап айтқан болатын. Бұл – маңызды шешім қабылдаудың ең заңды жолы», деді ол.

Ал ҚЗСИ халықаралық зерттеулер бөлі­мінің басшысы Әсел Назарбетова Ата Заңы­мыздың 30 пайызына өзгерту­лер енгізілуіне байланысты жалпыха­лық­тық қолдаудың маңызы зор екенін атап өтті. «Халық қолдамаса, бұл өзге­ріс­терді жүзеге асыру қиындық туғы­зады. Сондықтан қазір жұмыс топтары құрылып, дайындық қызу жүргізі­ліп жатыр. Халықты дұрыс ақпараттан­ды­рып, өзгертулердің мақсатын, нәти­же­сін толыққанды жеткізудің маңызы зор. Бұл бастамаға қоғамның әрбір мү­ше­сі белсенді атсалысуы қажет», деді ол.

Референдумды өткізу форма­ты­ның нақтылана қоймағанын жеткіз­ген Ә.На­зар­бетова: «Бүгінде референ­дум­ның нақты уақыты мен өткізілу формасы талқыланып, сараланып жатыр. Жақын күндері нәтижесі белгілі болады. Қазіргі біздің сараптамалық, әлеуметтік зерттеулердің көрсеткіші бойынша біз халықтың саяси белсенділігінің төмен екенін байқап отырмыз. Сол үшін де халықпен тығыз байланыс жасау­дың маңызы зор. Депутаттар өңір­лерді, әсіресе шалғайда жатқан ауыл-ай­мақ­тарды аралап, халықпен кездесулері қажет. Қағаз жүзінде емес, нақты, нәтижелі жұмыстар атқарылуы қажет. Ре­фе­рендум билікке емес, еліміздің дамуы­на тікелей байланысты халықтың игі­лігі үшін маңызды болып отыр. Осы­ны барлығымыз түсінуіміз қажет», деді.

Талқылауға қатысқан Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Жапсарбай Қуанышев халық­тың билікке деген сенімі азайған қазір­гі кезде референдум өткізуді батыл қа­дам деп санайды. Ол бұл бағытта ғы­лыми, мәдени, үкіметтік емес ұйым­дарды бірігіп жұмыс атқаруға шақырды. «Қазіргі кезде әлемдік, әлеуметтік жағ­дай­ларға байланысты халық арасында адами байланыстың өзі бәсеңдеп қал­ды. Әрине, халық ұсынылған мәсе­ле­лердің барлығын қабылдамауы мүм­кін, ол – заңдылық. Сондықтан маман­дар мәселелерді, ұсыныстарды заңды, технологиялық, әлеуметтік, саяси тұр­ғыдан саралап халыққа сауатты жет­кі­зулері қажет», деген сарапшы халықпен қарым-қатынас жасаудың тетіктері мен маңыздылығын атап өтті.

 

https://egemen.kz/article/311102-khalyqtynh-sayasi-sauatyn-arttyru-qadget?fbclid=IwAR0U9JB_YxUMR0hkkwHltJO12odt49dvWcyYo0E5FaCkLHeGkGlKGjqfbp8

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке