ҚСЗИ сарапшысы «Аshyq alan» бағдарламасына қатысты

12-04-222

2022 жылдың 12 сәуірінде ҚР Президенті жанындағы ҚCЗИ бас ғылыми қызметкері Индира Рыстина «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы Ғылым қызметкерлері күніне орай түсірілген «Ғылымға көңіл бөлсеңіз…» тақырыбында «Аshyq alan» қоғамдық-саяси пікірталас бағдарламасына қатысты.

«Соңғы 3-4 жылда еліміздегі жас ғалымдарға ерекше назар аударыла бастады. Бұған дейін жас ғалымдар деген түсінік болған жоқ. Жас ғалымдар кеңесі құрылып, ғылым саласындағы заңнамаларға қатысты жас мамандардың көзқарастары тыңдалып, соның нәтижесінде өзгерістер енгізіле бастады. Сонымен қатар жас ғалымдарға арналған гранттар бөліне бастағанын айта кету керек. Қазіргі таңда 314 жас ғалымның жобасы жүзеге асырылып, қоғамға таныстыруға мүмкіндік алды. Бұған дейін докторантурада оқып жүрген азаматтардың шәкіртақысы 70-80 мың болса, бүгінгі күні 200 мыңға өсті», – деді Индира Рыстина.

Сондай-ақ бағдарламаға ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Кәрімбек Құрманалиев, Назарбаев университетінің PHD докторанты Идаятулла Ибрахимұлы қатысты. Сарапшылар еліміздегі бірқатар проблемаларға тоқталып,  ғылым саласының дамуына қатысты пікір білдірді.

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке