Ауғанстанда халықтың тең жартысы аштықтан зардап шегіп отыр – Тұқымов Барлық құқықтар қорғалған. baq.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз:

auafgarlpz6eufrtd0sx3gonoayizx0vdifqrp7y

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Орталық Азиядағы өзекті болып отырған басты мәселелерді атады.

Орталық Азия елдері үшін геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер аса өзекті. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елдеріміздің арасында ортақ мәселелерді бірлесіп шешуге және әріптестіктің жаңа жолдарын іздестіруге негізделген сенім мен өзара сыйластық атмосферасы қалыптасты. Қазіргі таңда Халықаралық терроризм қауіп-қатері, көші-қон және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері кейінге қалдыруға болмайтындай маңызға ие болып отыр, -деді Еркін Тұқымов.

Спикердің айтуынша, қазіргі таңда Ауғанстандағы жағдай өте тұрақсыз болып отыр.

Ел гуманитарлық апат пен экономикалық коллапс шегінде. Шамамен 19,7 миллион адам, халықтың жартысына жуығы қатты аштықтан зардап шегіп отыр. БҰҰ дерегінше, бұл дағдарыстан шығу үшін шамамен 4,4 миллиард доллар қажет, -деді Президент жанындағы ҚСЗИ директоры.

https://baq.kz/auganstanda-halyqtyn-ten-zhartysy-ashtyqtan-zardap-shegip-otyr-tuqymov-281939/

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке