Елордада халықаралық конференция өтіп жатыр

29-06-22-2

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференция өтіп жатыр.

Іс-шараға Орталық Азия елдерінің президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институттары, ҚР орталық мемлекеттік органдары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті сұрақтары мен мәселелері бойынша өңірлік сарапшылар қатысады.

Сараптамалық деңгейде Орталық Азия елдерінің су саясаты, қоршаған ортаны қорғау, азық-түлік қауіпсіздігі, ғылыми және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы кооперациясы мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту бойынша бірқатар практикалық шаралар талқыланбақ.

Бірінші пленарлық отырысты ашқан ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов бірқатар геосаяси және геоэкономикалық сын-тегеуріндерге тоқталды:

Бүгінгі таңда геосаяси жағдай қарқынды өзгеруде және бұл Орталық Азия елдерінің сыртқы экономикалық байланыстарына тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайда Орталық Азия мемлекеттерінің сыртқы саясаты өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сауда мен көлік коммуникацияларын дамыту, ғылыми және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы тиімді тоғысу нүктелерін ескере отырып, ұлттық прагматикалық мүдделерге негізделуі тиіс. Орталық Азия елдерінің ғылыми-сарапшылық топтарының өзара іс-қимылын күшейткен жөн. Нақты осы сарапшылық деңгейде жаһандық және өңірлік сын-қатерлерге қатысты ортақ шешімге келіп, оларды шешудің бірыңғай тәсілдерін тұжырымдау қажет, – деді Еркін Тұқымов «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференцияда.

https://baq.kz/elordada-halyqaralyq-konferentsiya-otip-zhatyr-281936/

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке