Елордада Орталық Азиядағы әріптестікті нығайту бойынша тәжірибелік ұсыныстар әзірленді

0cb0758c-295b-4cbc-8a6f-9d033958aaa4

2022 жылғы 29-30 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Жаңа геосаяси жағдайдағы Орталық Азия ынтымақтастығы: сын-қатерлері мен келешегі» атты халықаралық конференция ұйымдастырды.

Конференцияның күн тәртібі жаңа геосаяси және геоэкономикалық сын-қатерлер мен жаһандық мәселелер жиынтығы жағдайында өзара тиімді іс-қимыл жолдарына арналды. Қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі және көлік коммуникациялары саласындағы дамудың жалпы мәселелерін шешудің жаңа тәсілдерін ұсынды.

Ел халықтарының мәдениетін өзара байыту және Орталық Азияның позитивті әлемдік жайғасымының қажеттілігін ескере отырып, өңір азаматтарының, сондай-ақ шетелдік туристердің еркін жүріп-тұруы үшін жағдай жасау тәсілдері ұсынылды.

Орталық Азия елдерінің президент жанындағы стратегиялық зерттеулер институттарының басшылары, сарапшылары және басқа да зерттеу орталықтарының сараптамалық талқылаулары негізінде Орталық Азиядағы әріптестікті нығайту бойынша тәжірибелік ұсынымдар әзірленді.

Ұсынымдардың негізгі тезисі Орталық Азия елдерінің су саясаты, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, ғылыми және мәдени өзара іс-қимыл саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамыту болып табылады.

Тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін фактологиялық және зерттеушілік базасын қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты дамытуға көп көңіл бөлінді.

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке