«Біріншіден, Конституция жаңа Қазақстанды бірге құруымыз үшін Мемлекет басшысының интеграциялаушы, топтастырушы рөлін және түпкі ойын орындауға тиіс, сондай-ақ Конституцияны жаңарту міндеті қоғамда сенімді нығайту болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, жаңартылған Конституция үш нақты мақсатқа бағытталған. Бұл – құқық үстемдігі, демократиялық процестерді және биліктің бөлінуін, тежемелік әрі тепе-теңдік тетігін күшейту», – деп атап өтті спикер.

Оның айтуынша, Конституция қоғамдық қатынастарға нақты әсер ететін құжат рөлін атқаруы керек. Кез келген қоғамда әділеттілік тапшылығы әрдайым қиын қабылданады, экономикалық теңсіздіктен де артық. Сондықтан екінші республикада қоғам өмірі мен мемлекеттің функциялары әділеттілік, тең мүмкіндіктер негізінде айқындалуы қажет.

«Егер адам құқықтарын қамтамасыз етуде кепілдіктер алғыңыз келсе – референдумға барыңыз, Конституцияға өзгерістер енгізу үшін дауыс беріңіз. Егер Қазақстанның барлығымыз үшін тең мүмкіндіктер еліне айналғанын қаласаңыз – референдумға барыңыз. Егер өзіңіздің және мемлекет өміріндегі, билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынаста оң өзгерістердің болғанын қаласаңыз – референдумға барып, Конституцияға түзетулер енгізу үшін дауыс беріңіз. Егер саяси бәсекелестіктің болғанын қаласаңыз – референдумға барыңыз. Егер Қазақстанның әділеттілік аумағына айналғанын қаласаңыз – референдумға барып, жаңартылған Конституция үшін дауыс беріңіз», – деді құқықтанушы.

https://ortcom.kz/kk/novosti/1652785049