Қазақстан референдумды бақылау үшін барлық жағдайды қамтамасыз етті

.png

Президент Қ.К. Тоқаев өзінің наурыз айындағы Жолдауында айтқан саяси реформалар бағдарламасы 33 бапқа 50-ден астам Конституциялық түзетуді енгізуді білдіреді.

Конституцияға ұсынылып отырған түзетулер билікті қайта бөлу және орталықсыздандыру, президенттің өкілеттігі, сайлау жүйесі және басқа мәселелер бойынша конституциялық нормаларды өзгертуді көздейді.

Конституциялық түзетулер бойынша 5 маусымда өтіп жатқан Референдум дауыс беруге арналған 10 012 учаскеде өтеді. Оның ішінде шетелде, 52 елде 65 учаске бар.

Конституциялық референдум, бүкілхалықтық сайлау сияқты, транспаренттілік, адалдық, жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы қағидаттары сияқты дауыс беруді ұйымдастыру мен өткізудің бірдей қағидаттарына ие. Сайлау процесінің барлық қатысушыларының осы негізгі қағидаларды ұстануы дауыс беруді заңдылық пен легитимдігін қамтамасыз етеді.

Дауыс беру заңдылығының сақталуын бақылау үшін Қазақстан Конституциялық референдумға дайындық пен оны өткізу процесінің мониторингін жүзеге асыратын халықаралық бақылаушыларды шақырды.

Конституциялық референдумды қадағалайтын негізгі ұйымдар ретінде Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының парламентшілері кіретін Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Парламенттік Ассамблеясының бақылаушылары,Шанхай ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары, Беларусь және Ресей ОдағыныңПарламенттік жиналысының, Мемлекеттік думаның депутаттық корпусы кіретін ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тіркелді. Сондай-ақ, байқауға ДИАҚБ/ЕҚЫҰ референдумды бағалау жөніндегі миссиясынан, Ислам ынтымақтастығы ұйымынан және ТүркПА-дан бақылаушылар делегациялары белсенді қатысуда. Учаскелерге қазақстандық қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың бақылаушыларыда қатысады.

Әдетте, елдегі барлық сайлау учаскелеріне бақылау орнату қиын және дәстүрлі түрде бақылау таңдалып алынған жеке учаскелерде жүзеге асырылады, бұл бақылаушыларға нәтижелерді бүкіл елге экстраполяциялауға мүмкіндік береді.

Барлық стандарттарға сәйкес, дауыс беру күні халықаралық және азаматтық бақылаушылар өз міндеттеріне белсенді кірісті, бұл конституциялық референдумға халықаралық қоғамдастық тарапынан да, қазақстандық азаматтық қоғам тарапынан да тәуелсіз және адал баға беруге кепілдік береді.

Акесина Айдана

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ ғылыми қызметкері

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке