ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Венгрияның Қазақстандағы Елшісімен кездесу өтті

IMG_9962

2022 жылғы 16 мамырда Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қабырғасында ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Венгрияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронды қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Венгрияның ынтымақтастығы мен стратегиялық әріптестігін одан әрі кеңейту, сондай-ақ талдау орталықтары арасындағы серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.

Венгрия Елшісі Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен жүріп жатқан саяси реформаларға қатысты пікірін білдірді. Отто Иван Рон демократияның тікелей және өкілді нысанының дәлелі болатын референдум өткізу туралы шешімді жоғары бағалады.

Е.Тұқымовтың пікірінше, Қазақстан елеулі өзгерістер қарсаңында тұр және жаңа табысты тәжірибелерді, соның ішінде Орталық Азия елдерінің ынтымақтастығы бойынша Вышеград тобының аймақтық ынтымақтастығы тәжірибесін енгізу өте маңызды.

Сонымен қатар ҚСЗИ директоры ғылыми-зерттеу саласындағы бірлескен жетістіктерді атап өтті. 2019 жылдың 29 сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласында ҚСЗИ мен Корвинус университетінің Орталық Азияны зерттеу орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Мысалы, ҚСЗИ сарапшылары Blue Peace Central Asia (BPCA) Швейцариялық даму және ынтымақтастық агенттігінің (SDC), Стокгольм халықаралық су институты (SIWI) және Орталық Азиядағы Аймақтық экологиялық орталығының қолдауымен Будапешт Корвинус университетінің ұйымдастырған «Су тұрақты қалпына келтірудің қозғаушы күші ретінде: Орталық Азиядағы су ресурстарын басқарудың экономикалық, институционалдық және стратегиялық аспектілері» бағдарламасына қатарынан екінші жыл қатысуда.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жобаларды кеңейту және серіктестік орнату туралы келісті. Сондай-ақ қазақстандық және венгриялық сарапшылардың қатысуымен бірлескен іс-шараларды өткізуге дайын екендіктерін растады.

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке