“Референдум өткізу идеясын қазақстандықтардың 15,4 проценті қолдамайды”, – сарапшы

Халықтың 70 процентке жуығы   референдумға қатысады. Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов айтты. Оның сөзінше, мамандар телефон арқылы әлеуметтік зерттеу жүргізген. Оған еліміздегі   мегополистер мен 17 өңірден 1 мың 200-ден астам тұрғын қатысқан. Нәтижесінде халықтың жартысынан астамы референдумға қатысуға ниет білдіріпті. Яғни, қазақстандықтардың дені референдум өткізіп, Конституцияға тиісті өзгерістерді енгізудің маңызды екенін түсінеді дейді сарапшылар.   Еркін ТҰҚЫМОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ ДИРЕКТОРЫ: Конституциялық реформаның маңыздылығы мен қажеттілігі сөзсіз. Күн тәртібіндегі ең маңызды мәселелердің бірі – адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру болып саналады. Президент мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселелердің барлығы Қазақстан азаматтарының пікірін есепке ала отырып қана қабылданатындығын айтты. Сол сәт жақындап келеді. Сондай-ақ   референдум мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдірудің маңызды кезеңі болмақ. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова осылай деді. Оның айтуынша,  адамның негізгі құқықтары мен конституциялық тетіктердің жетілдірілуіне және олардың кепілдігі мен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударылады.   Эльвира ӘЗІМОВА, ҚР АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ: Конституцияға  өзгерістер енгізіп қана қоймаймыз, болашақта қалай өмір сүретінімізді таңдаймыз. Референдумға барасыз ба деген сұрақ төңірегінде өткен сауалға тұрғындардың 70%-ы барамын деп жауап берген, бірақ бұл әлі де аз. Біз болмасақ та, біздің балаларымыз болашақта осындай референдумдарға қатысып, өз көзқарастарын білдіру үшін, яғни оларды тәрбиелеу үшін саяси маңызды шараға атсалысуымыз керек.

https://astanatv.kz/kz/news/68848/

Бөлісу:

Дорогой посетитель!

Мы рады приветствовать Вас на нашем новом сайте!

Ресурс находится в процессе доработки и наполнения контента, старая версия доступна по ссылке