Жас сарапшылар. Қазақстанның болашақ келбетін жасайтын кімдер?

photo_2022-08-03_09-48-26

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.

Бағдарлама «Қазақстанның болашақ келбеті» деп аталады. Бұл отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсетуге арналған арнайы бағдарлама.

Өтінімдер 18 шілдеден бастап 15 тамызға дейін қабылданады. Бағдарламаға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша магистр дәрежесі, ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының 40 жасқа дейінгі азаматтары шақырылады.

Үміткерлерді іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер өтінімді бекітілген Ережелеге сәйкес granty.kisi@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуі қажет.

Іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен үміткерлер таңдалған тақырыптарға сәйкес жеке сараптамалық баяндамалар әзірлеуі тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша бірқатар оқыту тренингтері мен семинарлар жүргізіледі.

Зерттеу бағыттары:
•Қоғамдық-саяси өзгерістердің бағыттары
•Әлеуметтік және экономикалық даму бағдарлары
•Қазақстанның әлемдік және аймақтық саясаттағы орны

Байқау қорытындысы бойынша саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға арналған үздік материалдар іріктеледі. Бағдарламаның финалистеріне 1 000 000 тенге қаржы беріледі.

Конкурс туралы толық ақпарат және зерттеу тақырыптарының тізімі kisi.kz (https://kisi.kz/kz/qazaqstannyn-bolashaq-kelbeti/) сайтында жарияланған.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2022 жылғы 18 шілдеден 15 тамызға дейін.
Байланыс үшін: +77025197282; +77071128424.

Электрондық мекенжайы: granty.kisi@gmail.com

https://baq.kz/zhas-sarapshylar-qazaqstannyn-bolashaq-kelbetin-zhasaytyn-kimder-283960/

Бөлісу: