ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.

 Бағдарламаның мақсаты отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсету болып табылады.

 Өтінімдер 18 шілдеден бастап 15 тамызға дейін қабылданады.

Өтініш пен эссе үлгісін жүктеңіз

Бағдарламаға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша магистр дәрежесі, ғылыми жарияланымдары, сондай-ақ кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасының 40 жасқа дейінгі азаматтары шақырылады.

Үміткерлерді іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер өтінімді бекітілген Ережеге сәйкес  granty.kisi@gmail.com электрондық мекенжайға жіберуі қажет.

Іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен үміткерлер таңдалған тақырыптарға сәйкес жеке сараптамалық баяндамалар әзірлеуі тиіс. Бағдарламаға қатысушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бойынша бірқатар оқыту тренингтері мен семинарлар жүргізіледі.

Зерттеу бағыттары:

 Байқау қорытындысы бойынша саяси, экономикалық және әлеуметтік тақырыптарға арналған үздік материалдар іріктеледі. Бағдарламаның финалистеріне 1 000 000 миллион теңге мөлшерінде қаржы бөлінеді.

Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:

Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Жобаны қараудан бас тартуға құқылы:

Өтінім келесі құжаттарды қамтиды:

8) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкіндегі шоты туралы анықтаманың скан-көшірмесі.

? Конкурс туралы толық ақпарат және зерттеу тақырыптарының тізімі kisi.kz сайтында жарияланған.

? Өтінімдерді қабылдау мерзімі — 2022 жылғы 18 шілдеден 15 тамызға дейін. Байланыс үшін:  +77025197282; +77071128424

? Электрондық мекенжайы: granty.kisi@gmail.com