Мұрағат Қоғам келбеті - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ

Анашым, ғалым деген кім?
Қоғамға ғылымның үні не үшін керек?

Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

Кеш. Теледидар қосулы. Жаңалықтардан министрлер, депутаттар, экономистер, спортшылар, блогерлер көрінеді. Артынша жарнама. Анашым, ғалым деген кім? Анасы бір сәт үнсіз қалды. Балаға мектеп оқулығындағы портретті көрсету керек пе? Бірақ сол суреттегі кісі жүз жыл бұрын өмір сүрген, оған қоса ол Қазақстаннан да емес. Әлемге әйгілі физиктің немесе биологтың есімін атау керек пе? Бірақ бала ғылым тарихы туралы сұраған жоқ. Ол бүгінде өмір сүріп жатқан адам туралы сұрады. Оның аты кім? Ол немен айналысады? Неліктен ол туралы көп айтылмайды? Сөйтсе, оған жауап беру оңай емес екені белгілі болады.

Дәл осы сұрақты енді балаға емес, ересекке қойып көріңіз. Алар жауап бұдан да кем оғаш болмас еді. Мұғалім бағдарламадағы классиктің есімін айтады. Зерделі студент рецензиялау дегеннің не екенін түсіндірер еді де, өз еліміздегі тірі үш ғалымның атын атауды сұрағанда үнсіз қалар еді. Көрші бәрінен тез жауап береді, өйткені ол қазір ғылымға айтарлықтай қаражат бөлініп жатқанын естіген. Байқадыңыз ба, не болды? Бала адам туралы сұрады. Ал ересек жауап бергенде қайтыс болғандар, қорғау тәртібі және қаржыландыру жайын айтты. Бірде-бір жауапта тірі ғалым жоқ.

Ғылымда қаражат бар, бірақ үн жоқ. Ғылымды қаржыландыру және оны есту екеуі бір емес. Зертхана салып, университет ашып, грант бөлуге болады. Мұның бәрі қажет. Бірақ сол жерде жұмыс істейтін адамдарды бір рет те кезіктірмеуге болады. Көпшілік үшін ғылым бюджеттегі бір тізім. Бала одан қанша қаржы бөлінгенін сұраған жоқ қой. Ол ғалым деген кім екенін сұрады.

Бізде ғылым туралы бәрі айтады. Ал ғылымның өзі дерлік үндемейді. Ғылым туралы есеп береді, оған қаржы бөледі, оны шенеуніктер мен журналистер талқы етеді. Бірақ мұның бәрі ғылым туралы өзгенің сөзімен айтылған әңгіме. Бұл ағында ғалымның өз үні естіле бермейді. Ал баланың сұрағаны дәл сол.

Конференциялар ғалым үшін мәнінен айырылып кеткен дейтін скептикті тыңдап көрейік. Қымбат зал, ұшақ сапарлары мен қонақүйлер не үшін керек, онлайн бар емес пе? Егер мақсат ғылымды адамдарға жақындату болса, конференция күмәнді құрал сияқты көрінеді. Залда дәл сондай ғалымдар отырады. Олар бір-бірімен сөйлеседі. Бөтен адамдар онда жоқтың қасы.

Дегенмен скептик қателеседі. Ол конференцияның міндеті — ғылыми білімді қоғамға бірден жеткізу деп пайымдайды. Алайда конференцияның атқаратын ісі басқа. Кез келген ғылыми идея жалғыздықта туады. Алайда ол өзімен тең адамдармен кездескеннен кейін ғана ғылымға айналады. Оған қарсы пікір айтылғанда, әлсіз тұсы байқалғанда және дәлірек жауап іздеуге мәжбүрлегенде. Ғылым, жалпы, келісімнен емес, пікірталастан дамиды. Конференциялар дәл осы үшін керек. Ғылыми ой зертханадан бірден көпшілікке шықпайды. Ол алдымен өз ортасынан өтеді. Содан кейін ғана сенуге болатын білімге айналады.

Бұл тек бізге ғана қатысты емес. Қалай ойлайсыз, ғылымға ең көп сенім артатын елдер қайсы? Жауап күтпеген жерден шығады. Ең ірі халықаралық зерттеудің деректері бойынша, ғылымға сенім деңгейі ең жоғары алғашқы бес елдің қатарына Мысыр, Үндістан, Нигерия, Кения және Аустралия кірген[i]. Авторлар әл-ауқат деңгейі, білім беруге жұмсалатын шығындар, ғылыми сауаттылық және академиялық еркіндік сияқты ең айқын түсіндірмелерді тексерген. Олардың ешқайсысы неге бір елдерде ғылымға сенім жоғары, ал басқа елдерде төмен екенін түсіндіре алмаған. Демек, мәселе тек ақшада, білімде немесе ғылыми жүйенің ауқымында емес. Сенім адамдар ғылыммен өз өмірінде кездесетін жерде пайда болады. Олар оның не үшін қажет екенін және өздері үшін не істейтінін түсінген жерде қалыптасады.

Адамдарға не жетіспейді? Ашықтық. Сол халықаралық зерттеу адамдар ғалымдардың өз жұмысын түсіндіруге және қоғамға ашық болуға дайындығын ең төмен бағалайтынын көрсетті. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 83%-ы ғалымдар қоғаммен ғылым туралы көбірек сөйлесуі керек деп санайды. Бұл нені білдіреді? Адамдар ғылымның өздерімен сөйлескенін күтеді.

Пандемия әлемнің көптеген елінде ғылым қоғамдық назардың ортасына шыққан, ал ғалымдарға деген сенім тұтастай өскен кезең болды. Бірақ біздің өңірімізде ерекшелік бар. Wellcome Global Monitor[ii] деректері бойынша, «Ресей, Кавказ, Орта Азия» өңірінде ғылымға деген назардың артуы іс жүзінде байқалмаған, ал өз елінің ғалымдарына деген сенім тіпті төмендеген. Басқа елдерде адамдар ғылымның іс жүзіндегі жұмысын бақылап жатқанда, бізде оның үні әлдеқайда бәсең естілді. Ал қоғамдық кеңістік ешқашан бос тұрмайды. Егер оны ғылыми білім толтырмаса, оны басқа түсіндірмелер толтырады. Кейде дәл. Кейде дәл емес. Бірақ көбіне әлдеқайда қатты әрі әлдеқайда сенімді естіледі.

Менің балалық шағымда ғалым туралы сұрақтың жауабы бар еді. Ғалым деген бір нәрсе ашқан адам. Емдейтін, жұлдыз санайтын, әлемнің қалай құрылғанын білетін адам. Бұл жауап әр баланың бойында бар еді, оны іздеудің қажеті жоқ болатын. Ол айналамызда жай ғана естіліп тұратын. Қазір жауап жоқ. Ғалымдар таусылып қалғандықтан емес. Олар бар, жұмыс істеп жүр және жаңалық ашып жатыр. Бірақ бұл жауап естілетін орын босап қалды. Арна басқа дауысқа толды. Бүгін ғалым деген кім деп сұрайтын бала өзі алатын жауаппен өседі. Егер оған қолжетімді жалғыз жауап «ғылымға ақша беріліп жатыр» болса, ол ғылым ақша туралы екен деп ұғады. Сенім осылай мұраға қалмайды.

24 маусымда Қазақстан ғылымын дамыту үшін жаңа жағдай жасайтын жаңа «Ғылым туралы» заңға қол қойылды[iii]. Ғылым қалашықтары, заманауи зерттеу орталықтары, ғалым құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін кеңейту, зерттеулердің өндіріспен тығыз байланысы ғылыми жүйені дамыту жолындағы маңызды қадамдар. Бірақ сенімнің табиғаты басқа. Сенімді заңмен бірге қабылдау немесе мемлекеттік бағдарламаға енгізу мүмкін емес. Ол қоғам өз ғалымдарын танығанда, олардың үнін естігенде және олардың не үшін қажет екенін жақсы түсінгенде пайда болады.

Кеш. Теледидар тағы қосулы. Бала қайтадан сұрайды: анашым, ғалым деген кім? Жауап ғылымның өз үні болған кезде пайда болады. Мұғалім конференциядан сертификатпен емес, жаңа оймен оралғанда. Журналист гранттың көлемі туралы емес, жаңалық туралы айтқанда. Көрші «ғылымға тағы ақша беріпті» демей, «ғалымдарымыз тауыпты…» дегенде. Қоғамға ғылымның үні дәл осы үшін керек. Себебі бір күні ол баланың ең қарапайым сұрағына жауапқа айналады. Ал әзірге ғылым экранға бір ғана цифр болып жеткенде, ананың шынымен жауап берер сөзі болмайды. Ғалымдар жоқ болғандықтан емес. Олардың үні дерлік естілмегендіктен.

[i] Cologna et al. (2025). ‘Trust in scientists and their role in society across 68 countries.’ Nature Human Behaviour.

[ii] https://wellcome.org/reports/wellcome-global-monitor-covid-19/2020

[iii] https://www.akorda.kz/ru/glavoy-gosudarstva-podpisan-zakon-respubliki-kazahstan-po-voprosam-nauki-naukoemkih-territoriy-socialnogo-obespecheniya-obrazovaniya-zdravoohraneniya-i-voinskoy-sluzhby-245557

Сообщение Анашым, ғалым деген кім? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Бірегей шешім
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

2026 жылғы 16 мамырда Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл шешім қандай уақыттық кезеңге есептелген және неге оны есепті кезеңнің өлшемдерімен бағалау мүмкін емес? Осы сұрақтарға жауап беруге тырысып көреміз.

Әрбір мемлекеттік шешімнің өз мерзімі болады. Жол екі жылда салынады. Мектеп бір жарым жылда тұрғызылады. Қолдау бағдарламасы бесжылдыққа іске қосылады. Бұл мерзімдер адам қабылдауына сыйып кетеді: оларды бастауға да, аяқтауға да болады, оларды тексеруге болады, ең соңында сол бойынша есеп беруге де болады. Ал оқу мәдениетін дамыту және оқырман ұлтты қалыптастыру туралы Жарлық өзге уақыт өлшемінде жұмыс істейді. Оның мерзімі – бір буын алмасатын уақыт.

Жарлықтың нені меңзейтіні туралы түсіну үшін бір сұраққа жауап беру қажет. Сауатты ұлт пен оқырман ұлт — бір ұғым ба, әлде әр түрлі нәрселер ме? Алғашында екеуі де бір нәрсе сияқты көрінеді. Алайда, шын мәнінде, бұл қоғамның екі түрлі күйі. Сауаттылық дегеніміз — мәтінді оқи білу, әріптерді тану, сөздерді құрастыру, қаптамадағы, нұсқаулықтағы немесе жаңалық тақырыбындағы жазылғанның мағынасын түсіну қабілеті. Ал оқырман ұлт мүлде басқа түрде қалыптасады. Бұл — оқу арқылы өз болмысы туралы ойлайтын адамдар қауымдастығы. Әдебиеттен өз өміріне қатысты сөздерді табатын және кейін сол сөздерді жұмыс, отбасы, ел, таңдау туралы әңгімелерде қолданатын адамдар. Бұл екі күйдің арасында үлкен алшақтық бар. Жарлық дәл сол алшақтыққа бағытталған.

Президенттік Жарлық дәл осындай уақыт көкжиегін көздеп отыр. Бұл Жарлықтың құрылымының өзінен-ақ көрініп тұр. Жарлық кітап жылын немесе оқу айын жарияламайды, керісінше кітапханалар, мектеп бағдарламалары, баспагерлер мен аудармашыларды қолдау, жазушыларға арналған инфрақұрылым сияқты элементтері бар ұзақ мерзімді институционалдық бағдарламаны бекітеді. Мемлекет іс жүзінде мынаны мойындайды: жүзеге асуы тиіс нәрсе тез орындалмайды, сондықтан нәтиже шұғыл қажет болатын сәтті күтпей, қазірден бастау керек.

Бірақ мұнда зерделі оқырманның заңды сұрағы туындайды. Бізде мәдениетті, тілді және әдебиетті қолдауға арналған көптеген бағдарламалар болды ғой, дейді ол. Олардың бір бөлігі игерілген бюджеттер мен есептермен аяқталды, ал сол есептерден кейін нақты оқырмандық тәжірибеде айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Ендеше, не өзгереді? Неге бұл Жарлық басқаша жұмыс істеуі тиіс? Бұл орынды сұрақ. Мәселе бұл шешімнің түбегейлі жақсы ойластырылғанында емес, оның уақыттық көкжиегінің өзгеше құрылуында. Алдыңғы буындағы бағдарламалар өз нәтижесін мерзім соңында есеп берумен бағалайтын. Бір жыл ішінде нәтиже көрсетуге міндеттелген кез келген бағдарлама, ерте ме, кеш пе, сол нәтижені имитациялауға бейім болады. Қамту көрсеткіштері өседі, іс-шаралар өткізіледі, есептер тапсырылады, ал шынайы оқырмандық тәжірибеде ештеңе өзгермей қалады. Ал бір ұрпаққа есептелген бағдарламамен нәтижені қолдан жасауға келмейді. Онда имитация тиімді болатын аралық есептік нүкте жоқ. Оның уақытпен жасасқан шарты мүлде басқа.

Бірақ мұндағы ең қызығы – басқада. Мәселе: оқитын ұлт жалпы не үшін қажет деген сұрақта. Әрбір қоғамның өзі туралы сөйлесуге арналған өз тілі болуы керек, ал ол тіл әдебиет арқылы қалыптасады. Жазушы өз замандасының қалай өмір сүріп жатқанын дәл сипаттайтын сөзді табады, ал сол сөз кітаптан шығып, күнделікті қолданысқа, асүйдегі әңгімелерге, қоғамдық пікірталастарға және адамның өз өмірі туралы ойлау тәсіліне енеді. Өз әдебиеті жоқ ел өзі туралы айтқанымен, оны өзгенің сөзімен жеткізеді. Демек, шешімдерді де бөтен өлшемдер мен координаттар жүйесінде қабылдайды.

Парадокс мынада: бұл тіл Қазақстанда әлдеқашан қалыптасып, жасалып жатыр. Соңғы жиырма жыл ішінде қазіргі қазақ әдебиеті едәуір өзгерді және бұл өзгеріс айқын байқалады. Біздің жазушылар қала өмірі, әйел тәжірибесі, ауыл мен қала арасындағы алшақтық, алаңдаушылық, таңдау мәселесі және өз тілін әлі де іздеп келе жатқан елде өзің болып қалудың мәні туралы жазады. Бұл прозаның кейіпкері енді дайын ақиқатты жеткізуші эпикалық тұлға емес, бір мезетте бірнеше әлемнің арасында өмір сүретін өтпелі кезең адамы. ҚСЗИ-дің тапсырысы бойынша дайындалған сараптамалық баяндамалардың бірінде әдеби кеңістіктің қазіргі жағдайы «оқырманы жоқ әдебиет» деген бір қарағанда парадоксты тұжырыммен сипатталған. Романдар мен повестер жазылып жатыр, авторлар еңбек етуде, тақырыптар жаңарып келеді. Алайда әдебиет пен қоғам арасындағы байланыс барған сайын әлсіреуде. Қазақстандағы әдебиет мағыналар мен идеяларды өндіруді жалғастырып отырғанымен, олардың таралу тетіктері әлсіреп қалды. Мәселе неде?

Бұл алшақтықтың өзіндік себебі бар. Егер аға буын үшін мағына мен тіл отбасы, мектеп және кітапхана арқылы қалыптасса, бүгінде олар ақпараттық таспа арқылыкеледі. Жас қазақстандық үздіксіз хабарламалар, бейнероликтер, пікірлер, лайктар мен алгоритм ұсынатын контент ағынында өмір сүреді. Мұндай ортада кітап жоғалып кетпейді, бірақ өздігінен қайта өндірілу қасиетінен айырылады. Бұрын көлемді мәтін есейіп-жетілудің дерлік ажырамас бөлігі болатын, өйткені терең мазмұнды жеткізетін басқа арналар іс жүзінде жоқ еді.  Ал бүгінде көлемді мәтін жылдамдыққа, фрагменттілікке және назарды үнемі ауыстырып отыруға негізделген өзге логикамен жұмыс істейтін платформалармен бәсекеге түсуде. Бұл бәсекеде әдебиет сапасы төмен болғандықтан емес, орта енді автоматты түрде қалыптастырмайтын күш-жігерді талап ететіндіктен ұтылып отыр. Сондықтан да Жарлықта бұрынғы кітапхана үлгісіне қайта оралу туралы емес, жаңа форматтағы кітапханалар, цифрлық платформалар және жасанды интеллекттің дамуы жағдайындағы оқырмандық инфрақұрылым туралы айтылған. Мемлекет оқудың бұрынғы қалпына қайта оралмайтынын түсінеді. Мәселе – көлемді мәтінді цифрлық заманауилыққа қарсы қоюда емес, оны сол цифрлық ортаға қалай үйлестіріп енгізуге болатынында.

Кітап оқуды дамыту туралы Жарлық, өзге мақсаттармен қатар, қоғамның өзін-өзі сипаттайтын төл тілін қалыптастыруға да үлес қосады. Бұл мемлекет кітап жазады дегенді білдірмейді. Мемлекет кітап жазбайды әрі жаза алмайды. Оның орнына қазақстандық әдебиеттің оқылып, талқыланып, назарға ілігіп және қолдау табуына мүмкіндік беретін орта қалыптастырылады. Мұндай орта болмаса, ең қуатты шығармалардың өзі көзге түспей қалады, ал қазақстандық өмір туралы ең нәзік әрі терең пайымдаулар сұраныссыз күйінде қалады.

Мұндай шешімдердің қаншалықты уақтылы екені – өз алдына бөлек мәселе. Президенттің Жарлығы қоғам негізгі қалыптасу кезеңінен өткен тұста жарияланып отыр. Енді келесі деңгейдегі міндеттер туындайды: қоғамдық пікірталастардың сапасы, қабылданатын шешімдердің сапасы және қоғамның күрделі мәселелерді жеңілдетпей талқылай алу қабілеті. Бұл міндеттердің барлығы халықтың күрделі мәтіндерді оқып, түсіне білу дағдысына сүйенеді. Бұрын мұндай шешім ертерек болар еді, ал кейінірек қабылданса, жіберілген мүмкіндіктердің орнын толтыруға тура келер еді.

Оқуды дамытуға қатысты шешімдер көбіне әсерлі болып көрінбейді. Олар жылдам нәтиженің көрінісін бермейді, дабыралы тақырыптар туғызбайды және сайлауалды уәделердің форматына сыймайды. Олардың күші басқа нәрседе. Ол – жиырма-отыз жылдан кейін қоғамның өз өмірі туралы кімнің тілінде ойлайтынын өзгерте алуында. Жарлықтың күрделілігі де осында. Ол бүгінгі таңда дауыс беру құқығына ие болмаған, тіпті кейбірі әлі дүниеге келмеген адамдарға арналып қабылданған. Ал оны қабылдап отырғандардың бір бөлігі оның нақты нәтижесін көріп үлгермеуі мүмкін. Бұл – мемлекеттік басқару логикасында сирек кездесетін шешім. Ол біз үшін емес, біз туралы қабылданған шешім.

Сообщение Бірегей шешім появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Көпшілік бір мезетте үн қатқанда
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

Қазақстандықтардың 98,6%-ы қажырлы еңбек міндетті түрде марапатталуы тиіс деген пікірмен келіседі[1]. Респонденттердің 92,2%-ы үшін ата-анасының олармен мақтанғаны маңызды. 91,6%-ы ғылым мен технологияларды оң бағалайды. 89,4%-ы теңдік неғұрлым көп болса, проблемалар соғұрлым азаяды деп есептейді. Әлеуметтанушы мұндай деректерді талдай отырып, бір құндылық басым түседі деп күтеді. Құндылықтар арасынан өзегін, яғни адам қалғанының бәрінен бас тартуға дайын болатын негізді көреді деп болжайды. Алайда бұл жерде ондай өзек жоқ. Оның орнына –  барлығымен бірдей жоғары деңгейде келісу байқалады.

Мұндай қалай болуы мүмкін? Дәл сол сұрақ еркіндік теңдікпен қатар қойылғанда, респонденттердің 63,3%-ы еркіндікті таңдайды. Ал еркіндік қауіпсіздікпен салыстырылғанда, көпшілік қауіпсіздікті қалайды. Бұл деректердегі қайшылық емес. Бұл  –  деректердің өзі. Сандардан құралған көрініс бізге барлығын маңызды деп санайтын қоғамды көрсетеді. Мәселе мұның артында не жатыр деген сұрақта. Әлеуметтік теориялар ұсынатын алғашқы түсіндіру көңілге тыныштық береді. Бұл – өтпелі кезең. Саясаттанушылар мұны «транзит» деп атар еді. Мәдениеттанушылар болса, ескі құндылықтар әлі сақталып тұр, бірақ жаңа құндылықтар да келіп үлгерді дер еді. Аздап күте тұрсақ, бәрі өз орнына келеді.

Деректер мұны растамайды. Егер бұл шынымен өтпелі кезең болса, біз ұрпақтар арасындағы айқын айырмашылықты көрер едік. Жоғары білімі бар қала жастары бір типтегі жауап беріп, ал ауылдағы аға буын мүлде басқа ұстанымдарды көрсетер еді. Алайда Алматыдағы жас банкир мен Шымкент маңындағы әжесі ұқсас жауаптар береді. Әрине, олар бірдей емес –  өмір сүру әлемдері бөлек. Бірақ жауаптардың құрылымы бірдей. Бұл – өтпелі кезең емес. Өйткені өтпелі кезең бір құндылық екіншісін ығыстырады дегенді білдіреді. Мұнда ештеңе ештеңені ығыстырып жатқан жоқ.

Он жыл бұрын мен шетелдік университеттен жұмысқа шақырту алған едім. Бұл – аспирантурада, докторантурада жүргенде ойлайтын арманың, өмірің қалай өрбуі мүмкін екенін елестететін сәт. Алғашқы ой – арман туралы болды. Екінші ой – «анам не дер екен?» Бірақ мұнда анамның қалай қабылдайтыны немесе мен кетуімді қалай түсіндіретінім туралы емес. Дәл сол «не дер екен?» дегеннің өзі. Сол бір ой – бір жерде алдын ала үкім шығарылып қойғандай, маған тек соны есту ғана қалғандай әсер етті. Бұл екі ой бір-бірімен таласпады. Олар жай ғана қатар өмір сүрді – әр түрлі әлемдерден, әр түрлі тілдерден келгендей, және ешқайсысы екіншісіне жол беруге ниетті емес еді. Мен шетелге кеттім. Бірақ бұл бір дауыстың жеңгенін білдірмейді.

Менің ойымша, біз қозғалысты емес, қатар өмір сүруді байқап отырмыз. Қазақстандық адамның ішінде бір мезетте бірнеше координаттар жүйесі жұмыс істейді. Солардың бірі – кеңестікке дейінгі жүйе, онда отбасы мағына көкжиегі ретінде қарастырылады. Кеңестік жүйе, ол еңбекке табыну мен формалды теңдікке негізделген. Посткеңестік жүйе, оның өзегінде қауіпсіздікке ұмтылу инстинкті жатыр. қазіргі нарықтық жүйе, ол жетістік тілі мен жеке бастаманы алға шығарады. Бұл жүйелер бірін-бірі алмастырған жоқ және иерархияға да айналмады. Олар параллель жұмыс істеуді үйренді, ал адам олардың арасында бағдарлануды үйренді.

Бұл – сауалнама ішінде көрінбейтін, бірақ оның сандарынан байқалатын құбылыс. Қазақстандық адам сұраққа жауап бергенде, қай жүйеден жауап беретінін таңдамайды. Барлық жүйелер бір мезетте жауап береді. Сондықтан 98,6% – қажырлы еңбектің марапатталуы тиіс деген пікірді қолдайды, ал 92,2% – ата-анасының өздерімен мақтануы маңызды дейді. Бірінші көрсеткіш нарықтық координаттар жүйесінен келеді, екіншісі – кеңестікке дейінгі жүйеден. Және бұл екеуі де бір адамның шындығын көрсетеді.

Ұқсас қатар өмір сүруді Польша, Түркия, Оңтүстік Корея бастан өткерген. Бірақ Қазақстанда жүйелер саны көбірек және олардың арасындағы қашықтық әлдеқайда үлкен. Рулық-генетикалық жадтан посткеңестік нарыққа дейінгі төрт түбегейлі әр түрлі дәуір небәрі жүз жылдың ішінде ғана еңсерілген! Осы жүйелердің барлығын бір мезетте ұстап тұру, қайшылық сезінбей өмір сүру – бұл шатасу да, жетілмегендік те емес. Әлеуметтануда мұндай күйдің нақты атауы бар – амбиваленттілік. Бұл – адамның күнделікті өмір деңгейінде меңгерген дағдысы.

Сонда «маған бәрі маңызды» деген жауаптың мәні түсінікті бола бастайды. Бұл – таңдаудан жалтару емес. Және бұл – бәріне айтылған мазмұнсыз «иә» де емес, адамның ішкі құрылымын дәл сипаттау. Адамның ішінде шын мәнінде бірнеше координаттар жүйесі бір мезетте жұмыс істейді және олардың ешқайсысы басым емес. Ол «отбасы да, жетістік те, тұрақтылық та, еркіндік те маңызды» дегенде қатысы жоқ, керісінше өзінің басымдықтарының нақты құрылымын білдіріп отыр. Бұл – әлсіздік те емес, жетілмегендік те емес. Бұл – қоғамның өзін сипаттайтын тілі, әлі басқа тіл қалыптаспаған кезеңде қолданылып отырған тіл.

Бұдан бір ғана қорытынды емес, нақтылау туындайды. «Бәрі маңызды» дейтін қазақстандық – басымдықтары жоқ адам емес, керісінше басымдықтары біз үйренгеннен басқаша адам. Бұл иерархия емес, бір мезетте жұмыс істейтін бірнеше жүйе. Сонда «егер бұл өтпелі сәт емес, тұрақты құрылым болса, біз оны қалай дәлірек сипаттаймыз?» деген сұрақ туындайды. Бұл адамды түсіндіру үшін емес. Оны шынымен есту үшін. Бір ғана емес, оның барлық координаттар жүйесін бір мезетте есту үшін.

[1] Әлеуметтанулық сауалнама 2024 жылғы 11 мамыр мен 22 маусым аралығында ҚЗСИ тапсырысы бойынша жүргізілді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан респонденттер Қазақстанның 17 облысынан, сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан қатысты.

Сообщение Көпшілік бір мезетте үн қатқанда появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Дін – бірегейліктің бір бөлігі: неге қазақстандықтардың сенімі өзіндік сипатқа ие?
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

Қазақстандықтардың сексен алты пайызы өзін діндар деп санайды[1]. Бұл көрсеткіштің өзі-ақ Қазақстан қоғамында діни сәйкестіктің жаппай әлеуметтік нормаға айналып келе жатқанын көрсетеді. Бірақ социология алғашқы көрсеткішпен шектелмейді. Келесі сұрақ туындайды: адамдар өз сенімдерін іс жүзінде қалай ұстанады? Міне, осы жерде көрініс әлдеқайда күрделірек болып шығады: сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі діни мерекелерді сақтайды, тұрақты түрде дұға оқитындар айтарлықтай аз, ал мешітке үнемі баратындар қоғамның аз ғана бөлігін құрайды. Бұл деректер бір-біріне қайшы келмейді. Керісінше, олар діни өмірдің әртүрлі деңгейлерін көрсетеді — символдық тиесіліктен және мәдени қатысудан бастап күнделікті діни тәжірибе мен институционалдық қатысуға дейін. Бұл деңгейлердің әрқайсысының өзіндік әлеуметтік қызметі мен ішкі логикасы бар. Қазақстан қоғамындағы діниліктің осындай құрылымы қалай қалыптасқанын түсіну үшін отыз жыл бұрынғы кезеңге оралу қажет.

КСРО ыдырағаннан кейін қоғам күтпеген мәселемен бетпе-бет келді: кім болам? «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап кеңестік бірегейлікпен және оны қалыптастырған мемлекетпен бірге жоқ болды. Қазақ бірегейлігі тіл, дәстүр, мәдени кодқа мұқтаж еді, ал мұның бәрі кеңестік жаңғыртудың ондаған жылы ішінде көптеген адамға, әсіресе қалалық қазақтарға, қолжетімсіз болып кетті. Ал ислам қатаң талаптар жүйесі ретінде емес, өзін-өзі айқындаудың қолжетімді тілі ретінде жол ұсынды. Өзіңді мұсылманмын дегенің — «мен кіммін?» деген сұраққа жауап бергенің. Бұндай жауап қарапайым, түсінікті де абыройлы болып шықты.

Әрине, жоғарыда айтылғандардың бәрі діннің рухани өлшемін жоққа шығармайды. Көптеген қазақстандық үшін діни сенім көпшілік алдында растауды қажет етпейтін жеке әрі терең тәжірибеге айналды. Эмпирикалық деректер исламның бір мезгілде бірнеше қызмет атқаратынын, яғни рухани да, идентификациялық та қызмет орындайтынын көрсетеді. Екеуі де шынайы. Екеуі де маңызды. Әлеуметтанушылар мұндай құбылысты мәдени дінилік деп атайды, мұнда дін ең алдымен тиесілік қызметін атқарады. Адам мерекелерге қатысады, салт-дәстүрді қолдайды, өзін дінімен сәйкестендіреді – бұл діни өмірдің шала түрі емес емес, оның толыққанды түрі. Қазақстандық контексте бұл табиғи құбылыс, өйткені дала исламы тарихи тұрғыдан ешқашан қатаң институционалданған емес. Ол мешіттің қатаң тәртібі арқылы емес, ауыз әдебиеті, отбасы салттары және мәдени рәсімдер арқылы таралған. Сірә, сол үшін қазақстандықтардың 88,6%-ы діни саладағы мемлекеттік саясатты қолдайды да, сонымен қатар 84,5%-ы ел зайырлы мемлекет болып қалуы керек деп санайды-ау. Бұл қайшылық емес, керісінше, дін мәдени бірегейлік ретінде зайырлы мемлекетпен тамаша қатар өмір сүретін қазақстандық модельдің көрінісі. Негізінде, қазақстандықтардың басым бөлігі дінді дәл осылай түсінеді.

Деректерді әлеуметтанулық талдау қазіргі Қазақстанда бір мезгілде қатар өмір сүріп отырған діндарлықтың үш түрін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншісі – мәдени дінилік, ең кең тараған түрі. Адам өзін діндармын деп есептейді, мерекелерге қатысады, дәстүрлерді қолдайды, бірақ діни нормалар оның күнделікті мінез-құлқын міндетті түрде реттей бермейді. Бұл шала сенім емес, дінилік ең алдымен бірегейліктің нышаны ретінде көрінетін ерекше форма.

Екінші форма – практикалық дінилік, ол күнделікті дұғаны, мешітке тұрақты баруды, барлық діни талаптарды сақтауды көздейді. Мұнда дін мен мінез-құлықтың байланысы анағұрлым тығыз.

Үшінші форма – рефлексивті дінилік, ең күрделі түрі. Мұнда дін тілге айналады. Адамдар әділет, абырой, мәдени бірегейлікті діннің түсінігімен талқылайды. Дін қоғамдық дискурсқа догма ретінде емес, болып жатқанды ұғыну тәсілі ретінде енеді. Осы үш түр де бір қоғамда, тіпті көбіне бір адамның бойында қатар өмір сүреді.

Осылайша, Қазақстанда діннің тілге айналып келе жатқаны анық. Дін арқылы қоғам өзін сипаттайды, абырой шекараларын айқындайды, болып жатқан өзгерістерді түсіндіреді. Бұл тіл көпдеңгейлі: біреуден ол күнделікті дұға арқылы көрінсе, біреуден діни мерекелерді тойлаудан байқалады, ал енді біреуде дәстүрге тиесілі екендігін қарапайым сезінуден көрінеді. Осы деңгейлердің бәрі бір уақытта қатар өмір сүреді және жиынтығында қазақстандық дінилік моделі деп атауға болатын құбылысты құрайды. Бұл Таяу Шығыс үлгісінің көшірмесі де емес, кеңестік атеизмнің кері нұсқасы да емес, өз тарихы мен өз тәжірибесінен туған өзіндік модель.

[1] Эмпирикалық деректер ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысы бойынша 2024 жылы «MLGroup» зерттеу компаниясы дайындаған «Қазақстандағы мемлекеттік діни саясатты бағалау» атты аналитикалық есептен алынған. Сауалнамаға барлығы 6 000 респондент қатысты, 2024 жылдың әр тоқсанында 1 500 адамнан сауалнама алынған. Сауалнамаға 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан — Астана, Алматы және Шымкенттен 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Сообщение Дін – бірегейліктің бір бөлігі: неге қазақстандықтардың сенімі өзіндік сипатқа ие? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстандықтар үшін отбасы да, мансап та маңызды – ҚСЗИ сауалнамасы
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

бас ғылыми қызметкері

Қазақстандықтардың көбі өздері үшін барлығы маңызды екенін жиірек айтуда. Мәселе олардың таңдау жасай алмауында емес, қазіргі өмірдің бір ғана шешімді талап етпейтінінде.

Әлеуметтанулық зерттеу деректері кейде тек үрдісті ғана көрсетіп қоймай, бізді, яғни әлеуметтанушыларды бір сәт аялдап, ойлануымызға мәжбүрлейді. Кейде тіпті таңғалдырады да.

Міне, қазір де дәл солай болып отыр. Өмірлік құндылықтар қаншалықты маңызды деген сұраққа жауаптарды қарасаң, таңқаларлық үйлесімділік байқалады: барлық нәрсе бірдей маңызды сияқты! Әрі жай ғана маңызды емес, өте маңызды. Мысалы, тәуелсіз болуды сауалнамаға қатысушылардың 90%-ы, өзін-өзі күтінуді респонденттердің 91%-ы, өмірлік серігіне адал болуды 92%-ы және Отанға адал болуды 89%-ы «өте маңызды» деп санайды[1].

Отбасы, балалар, жауапкершілік, даму – бәрі өте маңызды екен. Сол кезде ойға: «Тоқтай тұр, ал таңдау қайда?» деген сұрақ сап ете қалады. Егер бір нәрсе басқа нәрселерден маңыздырақ болса, екінші нәрсе маңыздылығы төмендеу орынға жылжуы керек емес пе? Бірақ мұнда ондай жоспар жүзеге  аспайды. Қазақстандықтар бір уақытта бірнеше нәрсені:

тәуелсіз болуды (90%);

бала сүюді (87%);

некеде болуды (81%);

дамуды (81%);

өзіне жауапкершілікті алуды (85%) маңызды деп есептейді.

Әрі бұл қарама-қайшылық емес. Бұл – жаңа табиғи жағдай. Неге бұлай? Өйткені қазір біз бұл құндылықтарды бір-біріне кереғар деп есептемейміз. Бұл енді бұрынғыдай «не мынаны немесе ананы» таңдау емес, қалыпты үйлесім: яғни тәуелсіз болуға болады, бірақ сонымен бірге отбасын құруға да болады; мансап жасауға, бірақ отбасы мен жұмыстың теңгерімін де қалауға болады; дамисың, бірақ өзгелерге де қамқор боласың. Бұл XXI ғасырдағы адамның жаңа, қалыпты өмір логикасы. Егер ертеректе өмірлік таңдау «қатал» еді: отбасы немесе мансап; дәстүр немесе заманауилық. Қазір шекаралар шырмалып, қабаттасып кеткен. Яғни, адам бірден бірнеше күйде өмір сүреді және бұл қалыпты жағдайға айналып барады. Дәл осы жерде біз, әлеуметтанушылар, тек құндылықтар жиынтығының ғана емес, адамның әлеуметтік мінезінің өзгерісін байқаймыз.

Егер бұл жаңа сипатты қарапайым сөзбен айтатын болсақ, бұл адам бір жағынан өзіне ғана сенгісі келеді, бірақ жалғыз да қалғысы келмейді. Ол отбасынан бас тартпайды, бірақ оған толық сіңіп те кетпейді. Мансапқа ұмтылады, бірақ жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігін сақтағысы келеді (87%). Сауалнамаға қатысқандардың 74%-ы цифрлық дағдыларды дамыту маңызды деп біледі, бірақ 46%-ы кейде интернеттен толық ажыратылу мүмкіндігінің болуы маңызды деп санайды.

Бұл нәзік тепе-теңдік күйі. Бұл шектен шығушылық емес, бұл бір мезетте бәрін бірдей ұстап тұруға ұмтылу әрекеті. Осы жағдайдағы ерекше қызық нәрсе – отбасының орны. Алғаш қарағанда бәрі анық: отбасы ең маңызды құндылық болып қала беруде. Респонденттердің 87%-ы бала сүюді, 81%-ы некеде болуды, ал 88%-ы жақын қарым-қатынас ортасының болуы маңызды деп санайды. Бірақ байқап қарайтын болсақ, өзгерістің орын ала бастағанын көруге болады. Бұрын отбасылы болу қалыпты нәрсе болып қабылданатын, ал қазір отбасы маңызды нәрсе болып қалса да, таңдау ретінде қабылданатын бола бастаған. Отбасылы болу маңыздылығы солай болу керектігінен емес, мықты тірек бола білу қасиетіне байланысты. Жаңа құндылықтар жүйесінде отбасы енді жеке бастылыққа қарсы тұрмайды, керісінше оны қолдайды.

Жауапкершілік мәселесінде де ұқсас үрдіс байқалады. Бір жағынан, адамдар тәуелсіздік пен өзін-өзі жүзеге асыру туралы барған сайын жиі айта бастады. Екінші жағынан, моральдық құндылықтардың маңызы әлі де жоғары: өмірлік серігіне адалдық (92%), Отанға деген адалдық (89%), жеке жауапкершілік (85%). Яғни адам бұрынғыдан дербес бола түскенімен, қоғаммен байланысы әлсіреген жоқ.

Бұл көріністі одан әрі күрделендіретін тағы бір нәрсе бар. Бұл – цифрлық өмір. Цифрлық әлем күнделікті қалыпты жағдайға айналды, бірақ сонымен бірге ол адамдарды шаршата бастады. Бұл – бүгінгі заманға тән ерекше сезім.

Мәселе, бәлкім, қазақстандықтартың нақты нені қалайтынында емес шығар. Бастысы – бәріне бірдей ие болғысы келетін осы ниеттің түп-төркіні неде екендігінде. Бұл таңдау еркіндігі ме, әлде таңдау жасау қажеттілігінен бос болу ма? Барлығын бірден қалаған қоғам, мүмкін, ақыры өзіне шектеусіз армандауға мүмкіндік беріп отырған шығар. Немесе оның құндылықтар жүйесі әлі де қалыптасу үстінде. Ал, бәлкім, бұл – соңғы шешім қабылдауға асықпайтын қоғам шығар, өйткені ондай таңдаудың қандай бағамен келетінін бұрыннан біледі. Деректер нақты жауапты бермейді. Бірақ олар осы сұрақты анық алға тартады.

Осы кезде «мұның бәрі нені білдіреді?» деген негізгі сұрақ туындайды. Егер жалпы көріністі тұтас қарасақ, айқын бір бейне қалыптасады. Бұл – ескі мен жаңаның арасында қатаң таңдау жасамайтын адам. Ол екеуін қатар ұстап тұр. Біз, шын мәнінде, өмірдің әр түрлі қырлары қатар өмір сүретін жаңа күйге өтіп жатқандаймыз. Адамдар отбасыны мансапқа, тұрақтылықты еркіндікке «айырбастауға» дайын емес. Бәлкім, бүгінгі басты мәселе оның қандай болуы керектігінде емес шығар. Бастысы – біз оны сол қалпында көре алуға қаншалықты дайынбыз.

[1] 2025 жылғы 11 шілдеден 12 тамызға дейін КСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнамаға 8 000 респондент қатысты. Сауалнамаға елдің 17 өңірінен және республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан адамдар қатысты.

Сообщение Қазақстандықтар үшін отбасы да, мансап та маңызды – ҚСЗИ сауалнамасы появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Урбанизацияның ел дамуына ықпалы қандай?
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

Қазақстан өзінің қазіргі тарихындағы ең ауқымды әлеуметтік өзгерістердің бірін бастан өткеріп отыр. Бұл кезеңнің тарихи мәні – терең ауылдық дәстүрі бар ел ретінде Қазақстанның біртіндеп қалалық елге айналуында. Бұдан бірнеше онжылдық бұрын халықтың едәуір бөлігі ауылдық жерлерде өмір сүрсе, бүгінде қалалар білім берудің, жұмыспен қамтудың және экономикалық белсенділіктің орталығына айналды. Демографиялық статистика қалалық тұрғындар санының өсуін айқын көрсетеді. Мәселен, Қазақстанда қалалық тұрғындардың үлесі тұрақты түрде артып келеді: 2025 жылдың басында ел халқының үштен екісі (63%) қалаларда тұрған.

Урбанизация туралы сөз болғанда көбіне мектептер мен ауруханаларға түсетін жүктеме, автокөлік қозғалысы, жаңа жұмыс орындарын құру қажеттілігі айтылып жатады. Алайда урбанизация қазіргі қоғам дамуының табиғи кезеңі екені жиі ескерілмейді. Дәл осы үдеріс адами капиталдың қалыптасуына, кәсіпкерліктің дамуына және жаңа экономикалық мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал етеді. Бүкіл әлемде қалалар экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналып отыр. Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, бүгінде әлем халқының жартысынан астамы қалаларда тұрады және бұл үлес алдағы уақытта да арта бермек. БҰҰ сарапшыларының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай қалалық тұрғын үлесі Жер халқының жалпы санының 70%-ына дейін жетуі мүмкін. Дәл осы қалаларда университеттер, ғылыми орталықтар, кәсіпорындар және жаңа еңбек нарықтары шоғырланған. Қалалық орта білім алмасуға, жаңа мамандық пайда болуына және кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасайды. Қазақстан да біртіндеп осы жаһандық үрдістің бір бөлігіне айналып келеді.

Қазақстандағы урбанизацияның өзіне тән ерекшеліктері бар. Кеңестік кезеңде халықтың қалаларға көшуі түрлі тетіктер арқылы, соның ішінде тіркеу институты арқылы айтарлықтай шектелген еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ауыл шаруашылығындағы өзгерістер шешуші рөл атқарып, ауылдық жерлерде көп жұмыс күшіне деген қажеттілікті азайтты. Нәтижесінде ел ішінде қозғалыс күшейіп, халық жаңа жұмыспен қамту мүмкіндіктері ашылған қалаларға қоныс аудара бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ауылдан немесе шағын қаладан ірі қалаға көшу көбіне жұмыс іздеумен байланысты болса, бүгінгі таңда көші-қон ұтқырлығының стратегиялары өзгеріп келеді.

Қазіргі уақытта көптеген отбасылар үшін қалаға көшу – инвестиция іспетті. Қала білім алуға, түрлі еңбек нарықтарына және кәсіби ортаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ата-аналар балаларға болашақта тұрақты орын алуға жол ашатын мүмкіндік беруге ұмтылады. Сондықтан білім алуға және кәсіби дағдыларды меңгеруге талпынған жастарды қалалар өзіне тартады. 2025 жылдың басында Қазақстан қалаларында 14–28 жас аралығындағы 3 666 998 жас өмір сүрген, ал студенттер саны 2020 жылғы 575,5 мыңнан 2024/2025 оқу жылының басында 624,5 мың адамға дейін өсті. Бұл урбанизацияның қазақстандықтар үшін маңызды отбасылық стратегияға айналып келе жатқанын көрсетеді.

Соңғы онжылдықтарда Қазақстан қалаларының экономикалық құрылымы да өзгеріске ұшырады. 1990-жылдары базарлар мен ұсақ сауда нарықтық экономикаға бейімделудің құралына айналып, кәсіпкерліктің дамуына серпін берді. Кейіннен қалалар біртіндеп қызмет көрсету үлгісіне көшіп, онда қызмет көрсету саласы, білім беру, медицина және шағын бизнес барған сайын маңызды рөл атқара бастады. Бүгінде платформалық урбанизацияның қалыптасуын байқауға болады. Цифрлық технологиялардың, маркетплейстер мен онлайн-қызметтердің дамуы кәсіпкерлік пен жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін қалыптастырып отыр. Осылайша Қазақстандағы урбанизация үш кезеңнен өтті: 1990-жылдардағы базар экономикасынан қызмет көрсету экономикасына, ал қазір қалыптасып келе жатқан платформалық қалалық экономикаға дейін.

Урбанизация ауылдық аумақ маңызын төмендетпейді. Қазақстанда өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасайтын елеулі жер ресурстары бар. Ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі бойынша ел Еуразиядағы ірі аграрлық мемлекеттердің қатарына жатады. Әлем халқының өсуі мен азық-түлікке сұраныстың артуы жағдайында аграрлық экономика жаһандық экономиканың стратегиялық салаларының біріне айналып отыр. Қазақстан миллиардтаған адам тұратын ірі азиялық нарықтардың маңында орналасқан, бұл ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін үлкен әлеует қалыптастырады. Сондықтан қала дамуы мен ауыл шаруашылығын жаңғырту – бірін-бірі қолдайтын үдерістер. Урбанизация өміріміздің географиясын өзгертеді, бірақ ауыл экономикасының маңызын жоймайды.

Қазіргі үрдістер сақтала берсе, алдағы онжылдықтарда Қазақстан қалалары елдің экономикалық және әлеуметтік дамуында барған сайын маңызды рөл атқаратын болады. Ірі қалалық агломерациялардың одан әрі өсуі, қызмет көрсету экономикасының кеңеюі және жұмыспен қамту мен кәсіпкерлікті ұйымдастырудағы цифрлық платформалардың рөлінің күшеюі күтіледі. Сонымен қатар қалалар білімнің, инновацияның және адами капиталдың қалыптасуының негізгі орталықтарына айнала береді. Дәл осы жерлерде жастар, кәсіби қауымдастықтар және экономиканың жаңа салалары шоғырланады. Осы тұрғыдан алғанда қалалардың дамуы елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігінің басты факторларының біріне айналып келеді.

Қорытындылай айтқанда, урбанизация уақытша құбылыс емес. Бұл елдің жаңа экономикалық және әлеуметтік құрылымын қалыптастыратын ұзақ мерзімді үдеріс. Осы мағынада қалалардың дамуы Қазақстанның болашағы үшін негізгі ресурстардың біріне айналып отыр.

Сообщение Урбанизацияның ел дамуына ықпалы қандай? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Жас әйелдер өзгеше ойлай бастағанда. Бір буын ішіндегі құндылықтар мен рөлдер қалай өзгереді?
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

Қазақстанда әйелдер үшін жоғары білім алу қалыпты жағдайға  айналды. Бірақ білім алу мен еңбекке араласу кезеңінен кейін күрделірек кезең басталады, ұрпақ ішіндегі құндылықтар мен рөлдерді қайта пайымдау үдерісі жүреді. Неліктен жас әйелдер мен ерлер жауапкершілікті бөлуді әртүрлі қабылдайды және бұл отбасы мен экономиканың болашағына қалай әсер етеді?

Әдетте қоғамдағы өзгерістер сандық көрсеткіштер арқылы өлшенеді: жоғары оқу орындарындағы әйелдердің үлесімен, әйелдердің жұмыспен қамтылу деңгейімен, олардың түрлі мамандықтардағы өкілдігімен. Осы көрсеткіштер бойынша Қазақстан әйелдердің жоғары білім мен еңбек нарығына қолжетімділігін кеңейту кезеңі артқа тастап, үлкен жолдан өтті. Бүгінде әйелдер үшін жоғары білім әлдеқашан ерекше құбылыс болудан қалды. Бүгінде әйелдер білім беру мен экономика саласына табысты түрде ықпалдасып отыр. Алайда қатысу кезеңінен кейін одан да нәзік әрі күрделі кезең – құндылықтар мен әлеуметтік рөлдерді өзара үйлестіру кезеңі басталады. Қоғамның серіктестікке деген күтілімі. Отбасындағы жауапкершілікті бөлуге қатысты ұстанымдар. Экономикалық шешім қабылдау құқығы. Дәл осы тұста өзгерістердің неғұрлым күрделі әрі терең фазасы басталады.

ҚСЗИ сауалнамаларының бірінде респонденттерге мына тұжырымды бағалау ұсынылды: «Егер жұмыс орындары жеткіліксіз болса, ерлердің жұмысқа орналасу құқығы әйелдерге қарағанда көбірек болуы керек»[1]. Жауаптарды екі топқа – басымдықты қолдау және оны қабылдамау – біріктірсек, мынадай деректерді көреміз:

18–29 жастағы ерлер арасында бұл идеяны қолдау сол жастағы әйелдерге қарағанда жоғары. Айырмашылық шамамен 24 пайыздық тармақты құрайды. Бұл алшақтық идеологиялық қақтығысты білдірмейді және радикалданудың белгісі емес. Ол өзгеріс қарқынының әртүрлі екенін көрсетеді. Жас әйелдер серіктестік моделін және рөлдерді бөлумен байланысты құндылықтарды жылдамырақ қайта пайымдап жатыр, ал жас ерлердің ұстанымдары баяуырақ өзгереді. Соның нәтижесінде бүгінде гендерлік айырмашылықтар білімге қолжетімділікте емес (ол жалпы алғанда қамтамасыз етілген), бір ұрпақ ішіндегі құндылықтар мен күтулерде көрініс табуда.

Әлеуметтік ғылымдарда бұл құбылыс модернизацияның екінші кезеңі ретінде сипатталады. Бірінші кезеңде әйелдер білім беру мен экономикаға кеңінен тартылады, ал екінші кезеңде серіктестік туралы түсінік пен оның тәжірибелері өзгеруі тиіс. Әйелдердің экономикалық дербестігі некелік стратегияларға, репродуктивтік шешімдерге және өзара әрекет сапасына қойылатын талаптарға ықпал ете бастайды. Шығыс Азия мен Еуропа елдерінде бұл кезең некеге тұрудың кейінге шегерілуімен және туу деңгейінің төмендеуімен қатар жүрді. Кеш некелер мен туу деңгейінің төмендеуі әйелдердің жаңа экономикалық мүмкіндіктері мен рөлдерді дәстүрлі бөлуге қатысты сақталып отырған күтулер арасындағы сәйкессіздіктен туындайды.

Соңғы жылдардағы демографиялық динамика өту кезеңінің сезімін күшейтеді. 2021 жылы өсу байқалғаннан кейін, жалпы туу коэффициенті 2024 жылға қарай төмендеді[2]. Сонымен қатар некеге тұру жиілігі төмендеп, тіркелген некелер саны азайды, ал 2019 жылғы шыңнан кейін ажырасу көрсеткіші де төмендеді. Мұны дұрыс түсіну маңызды. Бұл отбасының ыдырауының бастауы емес, некенің өз институтының белсенділігінің азаюы. Адамдар некеге сирек тұрады, сондықтан сирек ажырасады. Құндылықтар мен күтулердің үйлеспеушілігі жағдайында шешімдер сақтықпен қабылданады, некеге тұру таңдаулы сипат алады, ал ата-аналық жауапкершілік саналырақ болады. Осылайша, құндылықтар динамикасы экономикалық және демографиялық мінез-құлыққа әсер етуді бастайды.

Отбасылық және гендерлік саясат әлі де көбінесе дәстүрлі құндылықтар, демографиялық жауапкершілік және рухани жаңғыру дискурсына сүйенеді. Бұл бағдарлар маңызды. Дегенмен, өзгерістердің екінші кезеңі институттарды жаңа әлеуметтік шындыққа бейімдеуді талап етеді. Күтім мен қамқорлықты қайта бөлу инфрақұрылымы, күтім қызметтеріне қолжетімділік, икемді еңбек формалары және әкелердің жүйелі қатысуы жас ұрпақтың күтулерінен баяу дамып келеді. Нәтижесінде формалды теңдік пен отбасыдағы нақты жүктемені бөлу арасында сәйкессіздік пайда болады. Егер бұл алшақтық сақталса, ол адам капиталының тиімді қолданылуына шектеу қоюы мүмкін және демографиялық тұрақтылыққа әсер етеді. Сондықтан бүгінгі мәселе гендерлік қақтығыс бар-жоғы емес, өзгерістер қарқынын басқару және нормаларды институт мүмкіндіктерімен үйлестіру болып табылады. Келесі ұрпақтың гендерлік саясаты үшін формалды теңдіктен шығып, құндылықтар мен рөлдерді үйлестіруге көмектесетін механизмдерді реттеу, жауапты әкелікті қолдау, аймақтық ерекшеліктерді ескеру және теңдік күн тәртібін қоғамдағы кеңірек солидарлық пен рухани даму дискурсымен біріктіру маңызды.

Қатыстыру кезеңі өтті. Енді анағұрлым күрделі кезең басталады – құндылықтар мен рөлдерді үйлестіру. Ал институттардың осы өзгерістермен ілесе алуы болашақтың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.

8 Наурыз мерекесі қарсаңында елдің дамуына, экономикаға, отбасына және қоғамға қосқан үлестері үшін әйелдерге алғыс айтқым келеді. Мүмкіндіктер кеңейе берсін, ал шешімдер – мансап, отбасы немесе жеке жол болсын – еркін әрі саналы түрде қабылдансын. Мерекелеріңізбен!

[1] Сауалнама 11.05– 22.06.2024 аралығында ҚСЗИтапсырысы бойынша жүргізілді, оған 8 101 респондент қатысты. Зерттеуге елдің 17 өңірінен, сондай-ақ республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

[2] https://stat.gov.kz/ru/industries/social-statistics/demography/

Сообщение Жас әйелдер өзгеше ойлай бастағанда. Бір буын ішіндегі құндылықтар мен рөлдер қалай өзгереді? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Мемлекеттік феминизм: жаңғыртуға әйелдер қашан қажет?
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы

ҚСЗИ бас ғылыми қызметкері

Өткен аптада, Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні қарсаңында, ғылымдағы «әйелдер тақырыбы» шын мәнінде әлдеқайда ауқымды идеяның, тарихи үдерістің бір бөлігі екені туралы ойландым. Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы студенттердің жартысынан астамын әйелдер құрайды. Алайда бұл басымдық әзірге экономика мен басқару салаларында тең өкілдікке айналып отырған жоқ. Мемлекет өзінің дамуының қай кезеңінде оған тек ерлер ғана емес, әйелдер де тең дәрежеде қажет екенін түсіне бастайды? Және неге бұл түсінік бірден қалыптаспайды?

Жаңғырту, немесе қарапайым тілмен айтқанда, жаңарту өте сирек жағдайда теңдік идеясынан басталады. Ол күш жинау және мемлекетті нығайту қажеттілігінен басталады. Экономика жеделдетіліп, тұрақтылықты қамтамасыз етуі керек. Тарихи тұрғыдан алғанда, жеделдетілген даму мақсатын қойған елдер алдымен ресурстарды жинап, шоғырландырады. Мемлекет жолдар мен зауыттар салады, өнеркәсіпті дамытады және басқаруды нығайтады. Сондықтан, жаңғыртудың алғашқы кезеңдерінде жетекші тұлға көбінесе ер адам – ​​сарбаз, құрылысшы, инженер, өнеркәсіптік және әскери салалардағы жұмысшы. Бірақ экономикалық құрылым күрделенген сайын, мемлекет қоғамның тек бір бөлігіне ғана сүйенуі жеткіліксіз болады. Академиялық әдебиетте бұл ауысу мемлекеттік феминизм деп аталады. Бұл мемлекеттің өз бастамасы және жаңғырту жобасының бөлігі болып саналатын әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту жағдайын білдіреді.

Жаңғырту әйелдерді қашан қажет етті

Әйелдердің белсенді кәсіби өмірге араласуы тарихи тұрғыдан қаншалықты маңызды болды? Бұл мемлекеттің күрделі экономикалық модельге көшуімен қалай байланысты? Мемлекеттік феминизмнің бір классикалық мысалы – Кемал Ататүрік дәуіріндегі Түркия. Мұнда түрік әйелдерінің құқықтарының кеңеюі және олардың білім алуға қол жеткізуі қазіргі заманғы зайырлы мемлекеттің нышандары ретінде түсінілді. Сонымен қатар, түрік даму моделінде әйелдер тек мемлекеттік жобаларға қатысушылар ғана емес, сонымен қатар елдің мәдени жаңаруының нышандары болды.

Бір кездері Қазақстан дамыған кеңестік жаңғырту да осыған ұқсас құрылымдалды. Әйелдерді білім беруге тарту және олардың жұмыс күшіне жаппай қатысуы, шын мәнінде, мемлекеттік жобаның бір бөлігі болды. Мұны нақты мағынада эмансипация деп атауға болмайды. Керісінше, бұл әйелдерді мемлекеттік стратегияға қосудың нәтижесі болды. Дегенмен, экономиканың негізін құрайтын ауыр өнеркәсіп, тау-кен өндіру және инфрақұрылым негізінен ерлердің басымдығымен қалды. Асыраушы моделі норма ретінде бекітілді, ер адамдар негізгі экономикалық субъектілер ретінде қабылданды, ал әйелдерге отбасын көтеруші және қамқоршы ретіндегі негізгі рөлінен басқа, жұмысшы рөлі де берілді.

Оңтүстік Корея да осыған ұқсас жолмен жүрді, бірақ өзіндік тарихы бар. 1960-1980 жылдардағы қарқынды өнеркәсіптік өрлеу негізінен ерлердің жұмыспен қамтылуына байланысты болды. Кейінірек білім экономикасы әйелдердің, әсіресе кәсіби және басқарушылық лауазымдарда көбірек қатысуын талап етті.

Скандинавия елдері одан да алға жылжыды. Дамыған бала күтімі жүйелері, икемді жұмыспен қамту нұсқалары және еңбек нарығына тең қолжетімділікті қолдау әйелдердің бәсекеге қабілеттілігінің ажырамас бөлігі болды. Бірақ бұл мәдениеттерде әйелдердің қатысуы тек жаңа мемлекеттік экономикалық стратегияны ғана емес, сонымен қатар жаңа әлеуметтік нормаға көшуді де белгіледі.

Жапония жаңғыруды Мэйдзи дәуірінен бастап бастады. XIX–XX ғасырлар тоғысында жапон әйелдері білім алып, жұмысқа кірісті. Дегенмен, қатаң гендерлік иерархия сақталды, себебі «жақсы әйел, дана ана» деген мемлекеттік идеология әйелдердің отбасын сақтауға ең алдымен жауапты екендігі туралы құндылықтарын нығайтты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония өз экономикасын қалпына келтіре алды. Кейінірек, ел күрделі даму моделіне көшкен кезде, әйелдердің жобаларға көбірек қатысуы талап етілді.

Бүгінгі таңда жапон әйелдері жақсы білім алған және экономикаға белсенді қатысады, ал үкімет олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге тырысады. Дегенмен, жалақыдағы алшақтық сақталуда, әйелдер жоғары басшылық лауазымдарда аз өкілдік етеді, ал отбасы, бала күтімі және қарттарға күтім жасау үшін негізгі жауапкершілік көбінесе оларға жүктеледі. Нәтижесінде, көптеген адамдар мансаптарын да, отбасыларын да сақтап қалу үшін күресіп, екі жақты жағдайға тап болады. Осыған байланысты елде туу деңгейінің төмендігі және кеш некеге тұру тұрақты түрде кездеседі [1].

Жалпы алғанда, барлық мысалдар әйелдердің экономикаға араласуы төменнен келетін стихиялық қозғалыс емес, керісінше үкімет саясатының нәтижесі екенін көрсетті. Барған сайын күрделене түсетін еңбек нарығы білікті қатысушыларды қажет етеді. Сонымен қатар, Жапония мысалы экономикалық ережелердің қоғамның отбасындағы және жұмыстағы рөлдерді түсінуіне қарағанда тезірек өзгеріп жатқанын көрсетеді. Экономиканың қалай өзгеріп жатқаны мен құндылықтардың өзгеру жылдамдығы арасындағы бұл алшақтық индустриалды экономикадан адамдар мен олардың дағдылары негізгі ресурс болып табылатын экономикаға ауысып жатқан елдерде әсіресе байқалады. Қазақстан қазіргі уақытта дәл осы кезеңде бастан өткеруде

Өтпелі кезеңдегі Қазақстан

1990 жылдары тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан өмір сүру және тұрақтану қиындықтарына тап болды. Негізгі міндеттер өндірістік әлеуетін сақтау, шикізат секторын дамыту және инвестицияларды тарту болды. Басты назар экономиканы сақтауға және оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге аударылды. Елдің еңбек нарығын қайта құруға немесе гендерлік рөлдерді қайта анықтауға уақыты болмады.

Бүгінде ел өзін басқа кезеңде сезінуде. Мемлекеттік стратегиялық құжаттар адами капиталға, экономикалық әртараптандыруға және күрделірек даму моделіне көшуге көбірек көңіл бөлуде. Қазіргі заманғы даму моделі білімге, цифрлық құзыреттілікке және бастамаға негізделген. Ол икемділікті және жаһандық ортада жұмыс істей білуді талап етеді. Мұндай жағдайда қорытынды айқын: қоғамның тұтастай әлеуетін пайдаланбай тұрақты өсу мүмкін емес.

Қазақстандағы әйелдер жақсы білім алған. Олардың Қазақстан университеттеріндегі студенттер арасындағы үлесі үнемі жартысынан асады. Әйелдер мен қыздар білім беру, денсаулық сақтау, қаржы және шағын бизнес салаларында белсенді жұмыс істейді. Дегенмен, теңгерімсіздік сақталуда. Әйелдер жоғары жалақылы техникалық және басқарушылық лауазымдарда, сондай-ақ мемлекеттік лауазымдарда аз мөлшерде өкілдік етеді. Жалақы айырмашылығы сақталуда. Сонымен қатар, олар көбінесе жұмыс пен отбасылық міндеттерді теңестірудің ауыртпалығын көтереді. Бұл олардың әлеуеті ашылғанын, бірақ толық жүзеге асырылмағанын білдіреді.

Бүгінгі мемлекеттік феминизм

ХХ ғасырда әйелдердің жұмыс күшіне қатысуы әлеуметтік мәселе ретінде түсінілсе, бүгінде бұл елдің болашағы туралы мәселе. Қыздардың біліміне инвестиция салу, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау және жұмыс пен отбасын үйлестіру үшін жағдай жасау ұзақ уақыт бойы тек теңдік мәселесі болудан қалды. Олар экономиканың болашағы туралы. Көптеген елдерде мемлекет бұл тәсілді идеологиялық тұрғыдан емес, прагматикалық есептеулерден қабылдады. Әйелдердің қатысуынсыз елдің экономикалық өсуі баяулай бастайды. Скандинавия елдері, Оңтүстік Корея, Жапония және Сингапур өз дамуының әртүрлі кезеңдерінде әйелдерді тарту арқылы білім беру және кәсіби базаны кеңейтуге назар аударды. Бұл олардың білім мен дағдылар ең маңызды ресурстарға айналған күрделі экономикаға көшуінің бір бөлігіне айналды. Қазақстан үшін бұл мәселе күнделікті күн тәртібінің бір бөлігіне айналуда.

ХХІ ғасырдың жаңғыруы тек жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, сонымен қатар жаңа қиындықтар туғызды. Цифрландыру және икемді еңбек нарығы экономиканы серпінді етті, бәсекелестік пен жұмыс орындарының тұрақсыздығын арттырды. Мұндай жағдайда әйелдердің қатысуын арттыру уақытша шара бола алмайды. Әйелдерді экономикаға тарту ғана емес, сонымен қатар сапалы жұмыс орындарын, өсу үшін нақты мүмкіндіктер және жұмыс істейтін әлеуметтік инфрақұрылымды қамтамасыз ету маңызды. Сондықтан мемлекеттік феминизм тұжырымдамасы бүгінде жаңа резонанс тудырады. Бұл «әйелдер мәселесі» туралы емес, елдің дамуының қалай құрылымдалғаны туралы.

Адамдарға арналған Адамдар туралы

Жаңғырту тек ЖІӨ өсуі мен инвестициялар туралы емес. Бұл қоғамның адами әлеуетін қалай пайдаланатыны туралы. Экономика күрделенген сайын, халықтың жартысы шетте қала алмайтыны анық. Қазақстандағы әйелдер өздерінің білім беру және кәсіби мүмкіндіктерін ұзақ уақыт бойы дәлелдеді. Бүгінгі сұрақ олардың жаңғыртуға қатыса алатындығында емес, экономикалық жүйе олардың толық әлеуеті үшін жағдай жасай ма, жоқ па, сонда. Дамуды тек технология мен инфрақұрылымға ғана шектеуге болмайды. Оның негізінде әрқашан адамдар тұрады. Ал осы тұрғыда мемлекеттік феминизм қоғамның әлеуетінің қаншалықты толық пайдаланылып жатқанына жаңаша көзқараспен қараудың жолын ұсынады.

[1] Ueno Ch. The Modern Family in Japan: Its Rise and fall. Victoria, Australia: Trans Pacific Press. 2009

Сообщение Мемлекеттік феминизм: жаңғыртуға әйелдер қашан қажет? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді?
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

бас ғылыми қызметкері

Мақалада Конституция жобасы күрделеніп келе жатқан әлеуметтік және цифрлық шындыққа институционалдық жауап беруге ұмтылыс ретінде қарастырылады. Мұнда басымдық тосын әрекеттерден нысандандырылған ережелерге ауысып, адам құқықтарын қорғау декларациялармен емес, нақты жұмыс істейтін рәсімдермен байланыстырылған.

Жаңа Конституция жобасының пайда болуы әдетте эмоциялық реакция тудырады, бұл табиғи құбылыс. Өйткені қоғамдық санада Конституция көбіне тек құқықтық құжат ретінде емес, ең алдымен әділеттіліктің, билік шекараларының және жеке қауіпсіздіктің символы ретінде қабылданады. Алайда эмоциялық әсерден алшақтап, мәтінді мұқият оқығанда құрылымдық әрі мазмұндық мәселелер айқын көрінеді. Жалпы алғанда, Конституция жобасы рәсімдерге, конституциялық бақылауға және жаңа цифрлық шындық жағдайында адамды қорғауға негізделген жаңартылған конституциялық архитектураны ұсынады.

Адам –  ең жоғары құндылық ретінде

Конституция жобасы нақты формуламен ашылады: Қазақстан –демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, ал ең жоғары құндылықтар – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Бұл норма бүкіл мәтіннің жалпы бағытын айқындап, жеке бас бостандығының кепілдіктерінен бастап ақпаратқа қол жеткізу мен жеке өмірді қорғауға дейінгі ережелерге негіз болады.

Ережелер мемлекетіне көшу

Жобадағы маңызды өзгерістердің бірі – декларативті мақсаттарға қарағанда рәсімдердің басым болуы. 3 және 4-баптарда мемлекет миссия, идеал немесе болашақ бейне арқылы емес, қызмет қағидаттары, билік көздері және өкілеттіктерді беру тетіктері арқылы сипатталады. Мұндай тіл процедуралық мемлекетке тән, онда тұрақтылық харизмалық шешімдермен емес, институттардың жұмыс істеуін алдын ала айқындайтын ережелер арқылы қамтамасыз етіледі.

Әлсіз жағдайлардағы рәсімдік кепілдіктер

Конституция жобасында адамның жүйе алдында ерекше осал болатын жағдайларына айрықша назар аударылған. Ұстау және қамауға алу тек заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша, міндетті сот бақылауымен және шағымдану құқығымен жүзеге асырылатыны бекітіледі. Адамға бостандығын шектеудің себептері мен құқықтары түсіндіріліп, қорғаушыға қол жеткізу ең ерте кезеңнен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл нормалар саяси мәлімдемелер ретінде емес, еркін шешімдердің қаупін азайтып, құқық қолданудың болжамдылығын арттыруға бағытталған нақты ережелер ретінде маңызды.

Цифрлық жағдай – конституциялық кепілдіктердің бір бөлігі

Жеке өмірді цифрлық технологияларды ескере отырып қорғаудың тікелей бекітілуі – түбегейлі жаңа элемент. Жоба хат-хабардың, келіссөздердің, хабарламалардың, дербес деректердің және банк құпиясының қол сұғылмастығын бекітеді. Онда жеке өмірдің бүгінгі таңда тек физикалық кеңістікте емес, цифрлық ортада да жүзеге асатыны мойындалады. Алғаш рет Негізгі заң деңгейінде жеке өмір мен дербес деректерді қорғау цифрлық технологияларды қолданумен тікелей байланыстырылып отыр (21-бап), бұл –қазақстандықтардың күнделікті өмірінің жаңа шындығына конституциялық нормаларды бейімдеудегі аса маңызды қадам.

Ақпаратқа қол жеткізу – әділеттіліктің элементі

Жобадағы ең практикалық нормалардың бірі – мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттарға, шешімдерге және ақпарат көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеті. Негізінде қарапайым қағида бекітіледі: егер шешім саған қатысты болса, оның қандай негізде қабылданғанын білуге құқығың бар. Бұл ашықтықты арттырып, азамат пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтады.

Сөз бостандығы және жауапкершілік тепе-теңдігі

Жоба сөз бостандығын және цензураға тыйымды растай отырып, ар-намыс пен қадір-қасиетті, денсаулықты,  құлықтылық және қоғамдық тәртіпті қорғауға бағытталған шектеулерді де белгілейді. Бұл көптеген құқықтық жүйелерде қолданылатын тәсілге сай келеді: сөз бостандығы тек заң негізінде, заңды мақсаттар үшін және қажеттілік пен тепе-теңдік қағидаттарын сақтай отырып шектелуі мүмкін. Мұндай тепе-теңдік соттың бағалауына және құқық қолдану практикасына шешуші рөл береді.

Конституция толық шешімдерді емес, ойын ережелерін бекітеді

Сонымен қатар Конституция жобасы барлық қоғамдық алаңдаушылықты бірден шешпейтінін түсіну маңызды. Бұл – мұндай ауқымды құжат үшін қалыпты жағдай. Конституция саяси пікірталасты немесе қоғамдық талқылауды алмастыруға арналмаған. Ол барлық қоғамдық қатынастарды егжей-тегжейлі реттемейді және ағымдағы құқық шығармашылығын алмастырмайды. Оның міндеті – негізгі қағидаттарды, билік архитектурасын белгілеу, шешім қабылдау рәсімдерін бекіту және мемлекеттің араласу шектерін, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарының базалық кепілдіктерін айқындау. Ал нақты шешімдер заңдар, заңға тәуелді актілер және сот практикасы деңгейінде қалыптасады.

Институттардың болжамдылығы және конституциялық бақылау

Жоба мемлекеттіліктің іргелі параметрлерін – егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық және басқару нысанын тікелей бекітеді. Бұл саяси жағдай өзгерген сайын қайта қаралмайтын құндылықтардың бар екенін білдіреді. Президенттік мандаттың болжамдылығы да ерекше атап өтіледі: өкілеттік мерзімі жеті жыл болып белгіленіп, бір ретпен шектеледі және бұл норма өзгермейтін деп көрсетіледі.

Маңызды жаңалықтардың бірі – Конституциялық соттың рөлін күшейту. Алғаш рет қазақстандықтарда өз құқықтары мен бостандықтарына тікелей әсер ететін нормативтік шешімдерге шағымдануға мүмкіндік беретін тікелей конституциялық құрал пайда болады. Бұл – елеулі өзгеріс. Енді мемлекетпен дауларды көше арқылы емес, құқықтық жүйенің ішінде шешу ұсынылады.

Жобаның жалпы мәні

Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы жоспарсыз әрекеттен гөрі ережелерге негізделген мемлекетке көшуге ұмтылыс ретінде көрінеді. Онда рәсімдер нақтыланып, конституциялық бақылау күшейтіледі, цифрлық шындық ескеріледі және институттардың болжамдылығына басымдық беріледі. Сондықтан жобаны қоғамдық талқылаудың маңызы зор. Конституциялық мәтін форматты айқындайды, ал оның нақты мазмұны заңдардың сапасына және оларды қолдану практикасына байланысты болады.

Сообщение Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы. Мемлекет архитектурасында не өзгереді және бұл адамға не береді? появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.

Цифрлық сенім: ЖИ дәуірінің жаңа нормасы
Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

бас ғылыми қызметкері

Бұл мақала – жасанды интеллекттің қазақстандықтардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне біртіндеп айналып келе жатқанын талдауға арналған материалдар топтамасының қорытындысы. Алғашқы мәтінде бүгінгі таңда Қазақстан халқының шамамен жартысы күнделікті тәжірибесінде ЖИ-мен бетпе-бет келетінін, көбіне мұны аңғармай да қалатынын атап өттік. Екінші материалда жасанды интеллектке деген көзқарас талданды. Деректер адамдардың күтілімдері, үміті және технологияларға деген сенім деңгейі әрқилы екенін айқындады. Бұл мәтін сирек айтылатын, бірақ ең қатты алаңдататын мәселелерге – қорқыныштар мен қауіптерге арналды. Онда мазасыздықтың қиял-ғажайып сценарийлермен емес, нақты тәжірибемен, қауіпсіздікпен, жұмыспен және адамның дербестігі шекараларымен байланысты екені көрсетіледі. Нәтижесінде бұл топтама жасанды интеллекттің қазақстандықтар үшін әлеуметтік шындыққа айналғанын, сонымен бірге қоғам әлі де қалыптастырып, дамытуы тиіс цифрлық сенімнің пайда болып жатқанын аңғаруға мүмкіндік береді.

Ең қарапайым байқаудан бастайық. Адамдардан жасанды интеллектке қатысты қорқыныштарын сұрағанда, олар көбіне жасанды интеллекттің өзіне байланысты ешнәрсе айтпайды. Олар телефон қоңыраулары, мессенджерлердегі хабарламалар, банктен келген хаттар туралы айтады. Сондықтан қауіптердің ішінде бірінші орында машиналардың «көтерілісі» емес, кибералаяқтық тұр. Одан респонденттердің 55,3%-ы[1] қауіптенеді. Бұл – маңызды жайт, өйткені ол бірден негізгі басымдықтарды айқындайды: белгісіздік пайда болған жерде адам психикасы автоматты түрде қауіп-қатерді іздей бастайды.

Егер осы жауаптарға мұқият үңілсек, мұнда мәселе жасанды интеллекттен қорқуда емес екені анық байқалады. Әңгіме адамның жаңа шындыққа психологиялық тұрғыдан бейімделуі туралы болып отыр. Жасанды интеллектке қатысты қорқыныштар – бұл технологиядан қорқу емес. Бұл өзгерістер біз үйреніп үлгергеннен жылдамырақ жүріп жатқан ортада адамның өзін қорғансыз сезіну қаупі. Сондықтан да алаңдаушылық көбіне цифрлық орта өмірдің үйреншікті бөлігіне айналған жерде жиі пайда болады: дәл сол жерде сенім мен қорғанысқа деген сұраныс ертерек қалыптасады. Қауіпсіздік сезімінен бұрын ЖИ дамып отырған жағдайда, мазасыздық прогрестің ажырамас серігі бола береді. Ал бүгінгі басты сұрақ – жасанды интеллекттің қаншалықты ақылды екенінде емес, осы жаңа шындықта адамның өзі қаншалықты қорғалғанында.

Шын мәнінде, бұл цифрлық сенім сияқты жаңа әлеуметтік норманы қалыптастыру туралы. Бұл күнделікті өмірде пайда болады, бірақ әзірге ол ережелер мен институттарға қарағанда технологияда тезірек дамиды. Дәл осы алшақтық бүгінде адам үшін алаңдаушылық тудырады.

Респонденттердің төрттен бірінен астамы (27,5%) құпиялылықтың бұзылуы мен жеке деректердің таралуынан қауіптенетінін білдірді. Бұл екі алаңдаушылық бір-бірімен тығыз байланысты: мәселе тек қаржылық шығындарда ғана емес, сонымен қатар өз ақпараты мен жеке шекаралары үстінен бақылауды жоғалту сезімінде. Мұндай жағдайда жасанды интеллект адамның деректерін кім және қалай пайдаланып отырғанын ол әрдайым түсіне бермейтін цифрлық ортаның бір бөлігі ретінде қабылданады.

Респонденттердің тағы бір төрттен бірі (27,4%) адамның жасанды интеллектке тәуелді болып қалуынан, балалардың үй тапсырмаларын өздері орындамай қоюынан қауіптенеді. Адамдар ЖИ-ге тәуелділік туралы айтқанда, көбіне ең айқын мысал ретінде балалар мен мектеп тапсырмаларын келтіреді. Мұнда алаңдаушылықтың себебі – технологияның өзі емес, күш-жігердің дайын жауаппен алмастырылуы. Біз үй тапсырмасын орындау әрдайым тек дұрыс нәтижеге жету емес, ойлау үдерісі, талпыныс, қателік және жауапкершілік екенін білеміз. Ата-аналардың қорқынышы да осында: егер бұл үдеріс жойылса, бала өз бетінше ойлаудан қалып, міндетті машинаға жүктей бастайды. Бұл алаңдаушылық ЖИ туралы емес, балаларымыздың үйрену және дербес шешім қабылдау қабілетін жоғалтпауына қатысты.

Респонденттердің төрттен біріне жуығы автоматтандыру салдарынан жұмыс орындарының қысқаруынан қауіптенеді (22,4%). Мұндай нәтиже жасанды интеллекттің әзірге жұмыспен қамтуға тікелей әрі сөзсіз қауіп ретінде қабылданбайтынын көрсетеді. Адамдар жұмыссыз және болашақсыз қалудан емес, бейімделіп үлгермеуден қорқады. Бұл алаңдаушылықтың түбінде технологиялардан бас тарту емес, белгісіздік сезімі жатыр: адамзаттың жаңа экономикада өз орнын табу үшін жеткілікті уақыты, ресурсы мен қолдауы бола ма деген сұрақ. Өйткені бүгінгі таңда дағдылар тұрақтылық сезімі қалыптасқаннан әлдеқайда тез ескіреді.

Егер осы деректерді белгі ретінде қабылдайтын болсақ, жасанды интеллект төңірегіндегі алаңдаушылықты қоғамның әлсіздігінің емес, оның белсенді қатысуының көрінісі ретінде түсінген жөн. Адам технологияларды жоққа шығармайды, керісінше, оларды шекара, жауапкершілік және тірек сезімі бар үйреншікті дүниетанымына қалай енгізуге болатынын ұғынуға тырысады. Сондықтан да жасанды интеллект туралы әңгіме еріксіз түрде технологиялар шеңберінен шығып, сенім мәселесіне тіреледі. Цифрлық сенім өздігінен пайда болмайды, оны бір түймені басу арқылы іске қосу немесе бір ғана формалды норма арқылы бекіту мүмкін емес. Ол біртіндеп, тәжірибе, қателіктер және жаңа әдеттерді қалыптастыру арқылы орнығады. Ал біз бүгін осы қорқыныштарға қаншалықты байыппен әрі саналы қарай білсек, жасанды интеллекттің адамның өміріне бақылауын тартып алмай, керісінше оның мүмкіндіктерін кеңейтетін құралға айналу ықтималдығы соншалықты жоғары болады.

[1] Бақылаулар ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2025 жылғы 3 қазаннан 5 қарашаға дейін жүргізілген әлеуметтанулық сауалнама деректеріне негізделген. Іріктемелік жиынтықтың көлемі 8 000 респондентті құрады. Сауалнамаға елдің 17 өңірінен және республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 18 жастан асқан респонденттер қатысты.

Сообщение Цифрлық сенім: ЖИ дәуірінің жаңа нормасы появились сначала на ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ.