2023 жылдың 20 қаңтарында Астана қаласында «Орталық Азия – 2030: болашақтың келбеті» атты Сарапшылар кездесуі өтеді. Шара ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі.
Жиынға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өкілдері, Орталық Азия елдері Президенттерінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институттарының басшылары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сарапшылар қатысады.
Сарапшылар кездесуі аясында Орталық Азия елдерінің сауда және экономика, көлік және энергетика, адами капиталды дамыту сияқты салалардағы кооперацияны арттыру мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау жоспарлануда.
Өтетін күні мен уақыты: 2023 жылғы 20 қаңтар, 9.30–12.00.
Өтетін орны: Астана қ., Hilton Garden Inn, Қабанбай батыр, 15.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу сұрақтары бойынша 8 708 765 61 98 нөміріне хабарласуға болады.