Skip to content
Басты бет » Басшылық

Басшылық

ТҰҚЫМОВ ЕРКІН ВАЛИТХАНҰЛЫ

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Халықаралық қатынастар институты, Варшава университеті (Польша Республикасы) (1992–1997), халықаралық қатынастар жөніндегі маман.
  • Гарвард университетінің мемлекеттік басқару мектебі (АҚШ) (2015–2016), мемлекеттік басқару магистрі.

Ғылыми дәрежесі: ҚР ҒА Философия және саясаттану институты (2004), саясат ғылымдарының кандидаты.

Дипломатиялық дәрежесі: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл (2022)

Еңбек жолы:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) аға ғылыми қызметкері, сыртқы саясатты зерттеу бөлімінің меңгерушісі (1997–2005).
  • Орталық Азиялық демократияны дамыту қорының бас директоры (10.2005–10.2007).
  • Ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық даму және талдау орталығының сектор меңгерушісі (11.2007–05.2008).
  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, директоры (06.2008–01.2010).
  • Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің басшысы (01.2010–01.2018).
  • Қазан қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы (01.2018 – 04.2019).
  • Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің Министрдің кеңесшісі (04.2019–01.2022).
  • 2022 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

Тілдік дағдылар:

Қазақ, орыс, ағылшын, поляк.

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

«Кұрмет» ордені (2017), «Ерен Еңбегі үшін» медальі: (2011), Қазақстан Президентінің Алғыс хаты (2010), Сыртқы істер министрінің Алғыс хаты (2008, 2019), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне» 20 жыл», ҚР Сыртқы істер министрлігінің мерейтойлық медальдері.