Skip to content
Басты бет » Құрылымдық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның өңірлік дамуы: талдау және шешімдер — 2026

Құрылымдық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның өңірлік дамуы: талдау және шешімдер — 2026

2026 жылға арналған жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы

Бағдарламаны «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» РМУ (бұдан әрі – ҚСЗИ) жүзеге асырады және отандық жас сарапшылардың сараптамалық және ғылыми-зерттеу саласында бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, әлеуметтік ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуге қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты сарапшылар қауымдастығын жаңа кадрлармен және инновациялық идеялармен толықтыру үшін дарынды жас сарапшыларға қолдау көрсету.

Өтінімдер 2026 жылдың 13 сәуірінен 31 мамырына дейін қабылданады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар. Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бағдарламаға қатысу үшін Үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:

1) Бағдарламаға қатысуға өтінім берген сәтте 40 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматы;

2)      гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласы бойынша магистр дәрежесі және кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар;

3)      ел өңірлерінің бірінде (қатысушылардың жалпы санынан 30% квота белгіленген Астана Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда) тұратын Қазақстан Республикасының азаматы;

4)      ғылыми басылымдарда жарияланымдары және БАҚ-та талдамалық материалдары бар.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бекітілген Ережеге сәйкес granty.kisi2025@gmail.com электрондық поштасына Өтінім жіберуі керек.

Жүктеу:

Ереже.

Өтініш үлгісі.

Уәждемелік эссе.

Зерттеу тақырыптары.

Зерттеу тақырыбының негіздемесі.

Бағдарламаға қатысушылар 4 апта ішінде жетекші қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен өздерінің зерттеу тақырыптарына сәйкес оқу-әдістемелік тренингтер, семинарлар мен шеберлік сабақтарынан өтеді. Оқу модулі аяқталғаннан кейін Бағдарламаға қатысушылар өздерінің уәждемелік эсселерінде көрсетілген тақырып бойынша 8 апта ішінде жеке талдамалық баяндамаларын әзірлейді. Қатысушыларға менторлық қолдау көрсетіледі.

Зерттеу бағыттары:

I.       2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК САЯСАТ

II.      ӨҢІРЛЕРДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ТЕҢСІЗДІКТІ АЗАЙТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

III.     ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ӨҢІРЛІК ИНТЕГРАЦИЯ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

IV.     ӨҢІРЛЕРДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК ТЕҢСІЗДІК: САЯСИ ТӘУЕКЕЛ

V.      ІШКІ КӨШІ-ҚОН ЖӘНЕ ЖАҢА ӨҢІРЛІК САЯСАТ

VI.     ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ӨҢІРЛІК САЯСАТ

VII.    ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ МЕН САБАҒЫ

Байқауға қатысу тегін. Үміткер бір ғана Өтінім беруге құқылы. Үміткер ҚСЗИ-ға өтінім бергеннен кейін Өтінімнің осы Ереженің талаптарына сәйкессіздіктерін жою мақсатында Өтінімге өзгерістер енгізуге құқығы жоқ. Өтінімді қарау Үміткердің жазбаша өтініші бойынша ҚСЗИ тарапынан тоқтатылуы мүмкін. Бағдарлама туралы толық ақпарат, оның ішінде Бағдарлама ережелері, өтінімдер және іске асыру мерзімдері ҚСЗИ ресми сайтында www.kisi.kz орналастырылған.

Финалистерді іріктеу:

Үйлестіруші Бағдарламаға қатысушылардың жеке талдамалық есептерін Конкурстық комиссияның қарауына жібереді. Байқау комиссиясы ұсынылған талдамалық есептерді 5 жұмыс күні ішінде бағалайды және жай дауыс беру арқылы Финалистерді анықтайды.

Байқау комиссиясының шешімі негізінде 3 жұмыс күні ішінде Финалистпен жеке талдамалық есепті әзірлеу бойынша қызмет көрсетуге шарт жасалады. Гонорар сомасы салық төлемдерін есепке алғанда 500 000 (бес жүз мың) теңгені құрайды.

Конкурс комиссиясының шешімі бойынша Бағдарлама Финалистері 1 жыл мерзімге ҚСЗИ-дің кадрлық резервіне енгізуге ұсынылады.