Skip to content
Басты бет » Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуінен не күтуге болады

Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуінен не күтуге болады

9 тамызда Астанада Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының 6-шы Консультативтік кездесуі өтеді. Бұл көпжоспарлы ынтымақтастықтың одан әрі дамуын айқандайтын өңірдің дамуы үшін маңызды іс-шара болады деп күтілуде.

Саммитте «Орталық Азия – 2040» аймақтық кооперацияны дамыту стратегиясын қабылдау жоспарлануда. Бұл тұжырымдамалық құжат бесжақты өзара іс-қимылды кеңейту және Орталық Азияның халықаралық субъективтілігін нығайту үшін әзірленген.

Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуінің басты назарында өңірдегі кооперацияны дамыту, тұрақтылық пен қауіпсіздік, оның ішінде сауда-экономикалық әріптестік, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелері болады.

Орталық Азия елдері көшбасшыларының мұндай кездесулері 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. Ол жалпы сын-қатерлерді шешу үшін бірлескен іс-қимылдарды қабылдап, өңірлік ынтымақтастық пен дамудың сындарлы алаңы бола отырып, дәстүрге айналды. Бір айта кетерлігі, алғашқы кездесу Қазақстанда, нақтысы Астанада өткен болатын. Бүгін жоғары деңгейдегі жыл сайынғы кездесулердің жұмыс органын ұйымдастыру мәселесі туындады.

Соңғы жылдары Орталық Азия елдерінің ынтымақтастық деңгейі айтарлықтай өсіп, өзара іс-қимыл динамикасы өңір ішінде де, С5+1 форматында да артқанын атап өткен жөн.

Аймақтық қатынастардың басымдығы өсті, серіктестіктің жаңа кезеңдеріне қол жеткізілді. Осылайша, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен одақтастық қатынастар туралы шарттар жасалып, кеңейтілді.

Саяси ғана емес, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, экологиялық, су-энергетикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимыл кеңеюде. Тек соңғы 10 жылда өңір елдерінің өзара саудасы 2,5 есеге ұлғайып, 11 млрд долларға жетті, оның ішінде тек біздің экспортымыз 5,5 млрд долларды құрайды.

Жалпы өңірлік ынтымақтастықты нығайту, инвестициялық ахуалды жақсарту Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық пен іскерлік ахуалды дамытудың негізгі факторларына айналуда.

Әлішер Тастенов,

Азиялық зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы