Skip to content
Басты бет » «Қазақстандағы тұрақты даму және ESG институционаландырылуы: трендтер, мәселелер, шешімдер»

«Қазақстандағы тұрақты даму және ESG институционаландырылуы: трендтер, мәселелер, шешімдер»

2024 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы ҚСЗИ-ның Алматы қаласында Өкілдігі ҚБТУ университетімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алаңында «Қазақстандағы тұрақты даму және ESG институционаландырылуы: трендтер, мәселелер, шешімдер» атты дөңгелек үстел өткізді.

Сарапшылар, бизнес, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері ESG қағидаттарын (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) Қазақстанның экономикасы мен менеджментіне интеграциялау мәселелерін талқылады.

Қазақстанның алдында маңызды міндет тұр – жоғары деңгейде қабылданған ауқымды жасыл даму бағдарламалары мен оларды жергілікті жерлерде тиімді жүзеге асыру арасындағы алшақтықты жою. ESG туралы хабардарлықтың төмен деңгейі, жеткіліксіз қаржылық қолдау және жасыл технологиялар мен жобалардың әлсіз жүзеге асырылуы тұрақты дамуға үлкен кедергілер болып табылады.

Талқылау барысында қатысушылар Қазақстанның тұрақты дамуына және ESG трансформацияларына ішкі (реттеу, экономикалық тиімділік) немесе сыртқы (халықаралық қысым, инвестиция) қандай ынталандырулардың көбірек әсер ететінін қарастырды. Бизнес пен қоғамдық ұйымдарды ынталандыру жүйесін құруға ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ қазақстандық бизнес пен қоғамның ESG тәсілдерін іске асыруға дайындығы мен хабардарлық деңгейі туралы сұрақтар көтеріліп, тұрақты даму қағидаттарына адалдықты арттыру жолдары талқыланды.

ESG қағидаттарының интеграциясы климаттың өзгеруімен күресу, әлеуметтік әділеттілікті арттыру және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыруды қоса алғанда, жаһандық ТДМ-на қол жеткізуге қалай ықпал ететінін зерттеді.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың ойынша:

— Бизнес пен қоғамның ESG қағидаттары туралы хабардарлығын арттыру үшін білім беру бағдарламалары мен науқандарын әзірлеу.

— «Жасыл» жобаларды қолдаудың қаржыландыру тетіктерін, оның ішінде субсидияларды, жеңілдікті несиелерді және халықаралық ұйымдармен серіктестіктерді құру.

— ESG саласындағы мемлекеттік саясатты, соның ішінде бизнесті ынталандыру мен экологиялық және әлеуметтік жауапкершілікке қатысты қатаң талаптарды күшейту.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе қатысушылар тұрақты дамуға қол жеткізу үшін ESG қағидаттарын Қазақстан экономикасына жылдам енгізудің маңыздылығы атап өтті.