Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының екінші толқынын бастайды

ҚСЗИ Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының екінші толқынын бастайды

Орталық Азия мен Кавказ аймағының жетекші талдау орталығы – ҚСЗИ өзінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының екінші толқыны басталғанын қуана хабарлайды! Бағдарламаға қатысатын 20 дарынды жас сарапшы топтық және жеке талдамалық баяндамалар дайындау жұмысына қатысып, еліміздің ең көрнекті сарапшыларының бірқатар әдістемелік семинарларын тыңдауға және Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін ҚСЗИ ғылыми грантын иеленуге мүмкіндік алады!

Жаһандық белгісіздік пен сыртқы күйзелістердің айтарлықтай өсуі жағдайында Қазақстан саяси жүйесін толықтай қайта жаңғырту және жаңа экономикалық саясатты қабылдай отырып, Жаңа Әділетті Қазақстан құру бойынша өз алдына маңызды өршіл мақсаттар қойып отыр. Сондықтан жас сарапшыларды қолдау бағдарламасы «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» тақырыбына арналады.

«Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» – жас сарапшылардың сараптамалық және ғылыми-зерттеушілік ортадағы әлеуетін дамыту үшін әлеуметтанулық ғылымдар саласындағы қазақстандық жас зерттеушілерді қолдауға арналған арнайы бағдарлама. Бағдарламаның мазмұны, кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар және зерттеудің тақырыптық бағыттары туралы толық ақпаратты ҚСЗИ сайтындағы Бағдарламаның арнайы парақшасынан таба аласыз.

Байқауға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы магистр дәрежесі, ғылыми журналдарда жарияланымы, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бекітілген Ережеге сәйкес granty.kisi2023@gmail.com электрондық поштасына Өтінім жіберуі керек.

Өтінімтер 2023 жылдың 6 ақпанынан 7 наурызына дейін қабылданады.