Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ білім беру хабының қорытынды дәрісі өтті

ҚСЗИ білім беру хабының қорытынды дәрісі өтті

2022 жылдың 28 қыркүйегінде белгілі саясаттанушы, ҚСЗИ директорының кеңесшісі Асқар Нұрша «Қазақстанның болашақ келбеті» жас зерттеушілерді қолдау бағдарламасының білім беру хабы аясында қорытынды дәріс өткізді.

Дәріс барысында Асқар Нұрша аналитикалық қызметті басқару тақырыбын ашып, жеке және ұжымдық жұмыс туралы айтып, талдаушылардың менеджментпен өзара іс-қимылы туралы көзқарасымен бөлісті.

Еске сала кетейік, жоба қатысушылары бір ай бойы білім беру хабының оқыту бағдарламасына қатысып, ҚСЗИ жетекші сарапшылары мен басқа да талдау құрылымдары мен университеттер өкілдерінің зерттеу дағдыларын дамыту бойынша бірқатар оқыту тренингтері мен семинарларына қатысты.