Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа шынайылық: үрдістер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

ҚСЗИ «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа шынайылық: үрдістер мен перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді

2022 жылғы 7 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) хатшылығымен бірлесіп «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа шынайылық: үрдістер мен перспективалар» атты тақырыпта онлайн форматтағы дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту саласындағы дағды мен озық тәжірибені талқылау және өзара алмасу қаралды.

Дөңгелек үстел жұмысына 14 мүше мемлекеттің өкілдері, соның ішінде IT саласындағы көрнекті ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Кездесуге қатысушыларға арнап АӨСШК атқарушы директорының орынбасары Чи Фан ханым алғысөз сөйледі.

«АӨСШК мүше мемлекеттердің ақпараттық технологияларды дамытудағы тәжірибесі» атты бірінші сессиясының модераторы, ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев қазіргі заманғы IT технологиялар адамның күнделікті өміріне барған сайын көбірек әсер ететінін атап өтті. Олар электронды нарықтарды, қосымша жұмыс орындарын құру және жұмыскерлерді қайта даярлау үшін қолданылады, бұл өз кезегінде жұмыссыздықты төмендетумен тікелей байланысты. Ақпараттық технологиялар медициналық, ағарту, құқық қорғау салаларындағы мүмкіндіктерді кеңейтті, бұл аталынған институттардың қызметін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ сессия барысында қатысушылар өз елдерінің IT саласын дамытудағы ұлттық тәжірибесімен бөлісіп, ғылыми қызметтегі ақпараттық кеңістікті түрлендіруді талқылады.

«Әлемдік турбуленттілік жағдайында IT индустриясын дамыту перспективалары» атты екінші сессия барысында сарапшылар әлемдік дағдарыстың IT саласына әсерін талқылады, сондай-ақ осы саланы одан әрі дамытуға қатысты болжам жасады.

Екі тақырыптық сессияда спикерлер ретінде Қытай ақпараттық және коммуникациялық технологиялар академиясының Ақпараттандыруды зерттеу бөлімі директорының орынбасары Чуи Уинг, Ташкент мемлекеттік шығыстану университетінің доценті Ирода Шамсиева, Әзірбайжан Ақпараттық технологиялар институтының бас инженері Шакир Мехтиев, Догус (Түркия) университетінің доценті Итир Токсоз, Мәскеу Мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтының Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік және ғылыми-технологиялық саясат орталығы директорының орынбасары Елена Зиновьева, Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі киберқауіпсіздік департаментінің өкілі Чи Чао Ву және Орталық Азиядағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық мәселелері институтының (Қазақстан)  директоры Шавкат Сабиров қатысты.