Референдум өткізу Екінші республиканың заңнамалық базасын қалыптастырудың бастамасы болды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың ауқымды саяси реформалар бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Халық Мемлекет басшысының саяси жаңғырту бағдарын қолдайтынын ОСК-тың алдын ала деректерінде көрсетілген референдумға келген азаматтардың 77,18 пайызы дауыс бергені растайды.
Exit-poll мәліметтері бойынша қазақстандықтардың 74,8%-дан 79,4%-ға дейін конституциялық өзгерістерді қолдайды. Бұл конституциялық өзгерістерді қабылдау үшін кворум бар екендігін және референдум заңды өткенін растайды.
Референдумның қорытындылау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ОКҚ алаңында «Жаңа саяси шынайылық: 2022 жылғы референдум қорытындылары» тақырыбында «КИСИ GPS» ұлттық сараптамалық алаңының отырысын өткізді.
ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов өз сөзінде ҚСЗИ-ның әлеуметтанулық зерттеулерінің нәтижелері референдум нәтижелерімен сәйкес келгенін атап өтті.
«Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша қазақстандықтардың 68,06%-ы (алпыс сегіз бүтін жүзден алты пайызы) жалпыхалықтық референдумға қатысты. Мамыр айының басында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 1200 респонденттің қатысуымен телефондық сауалнама жүргізді. Зерттеу нәтижелері бойынша 66,4% (алпыс алты бүтін оннан төрт пайызы) референдумға қатысуға дайын болды. Көріп отырғанымыздай, біздің болжам бүгінгі нәтижемен шамалас.
Референдумның Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының тарихи актісіне айналды. Дауыс беру нәтижелері, азаматтардың қатысуының айтарлықтай жоғары белсенділігі, 3 компанияның экзитпол мәліметтері бірлігіміздің жаңа деңгейінің дәлелі болды. Жалпы, 5 маусымда Қазақстан халқы өзінің конституциялық сайлау құқығын толықтай жүзеге асыра отырып, еліміздің болашақ тағдырын анықтады деп айтуға болады.
Референдум Президент Тоқаевтың ауқымды саяси реформаларын жүзеге асырудың берік негізін қалады. Жақын арада қолданыстағы конституциялық заңдарды қайта қарап, 20-дан астам жаңа заңдар қабылдау қажет болады. Жаһандық деңгейдегі елдің тұрақтылығы мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің қаншалықты тиімді болатынына байланысты», – деді институт басшысы.
Жиынға қатысқан ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, референдум азаматтардың реформаларға деген көзқарасын көрсетті. «Парламент депутаттары бір ай бойы өңірлерде белсенді ақпараттық жұмыс жүргізді. Сайлаушылармен кездесу кезінде біз азаматтардың конституциялық түзетулерге қызығушылығын көрдік. Халықтың азаматтық белсенділігі мен саяси мәдениеті заң аясында референдум өткізуге мүмкіндік берді. Жалпыхалықтық дауыс беру іс жүзінде азаматтардың реформаларға деген көзқарасын көрсетті. Балама және сыни көзқарастарға қарамастан, конституциялық реформалар қабылданды. Өйткені олар қоғамның шұғыл қажеттіліктеріне жауап береді», – деді Ләззат Сүлеймен.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Берік Әбдіғалиұлының пікірінше, конституциялық өзгерістер енгізілген соң Парламент пен маслихаттардың жұмыс сапасы көтеріледі. «Референдумды еліміздегі саяси бастама деп қарасақ болады. Қазіргі таңда Парламентті үлкен жұмыс күтіп тұр. Барлық өзгерістерді енгізіп, жаңа заңдарды қабылдау қажет. Өзгерістерді біз жұмыс топтарында талқылаймыз. Бұл процеске шамамен 3-4 ай уақыт керек. Жалпы айтқанда жылдың соңына дейін бірқатар заңдарды қабылдаймыз деп үміттенемін. Алдағы уақытта конституциялық өзгерістер енгізілген соң Парламент пен мәслихаттың жұмыс сапасы көтерілетініне күмән жоқ», – деді спикер.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Саясат Нұрбек референдум нәтижесі халықтың билікке деген сенімі артқанын көрсетеді деп есептейді. «Референдум өткізу бірнеше себепке байланысты маңызды. Біріншіден, конституциялық реформалар билік тармақтарының өкілеттігі мен жауапкершілігінің теңгерімін қалпына келтіруге бағытталған. Конституциялық өзгерістер қабылданғаннан кейін Парламенттің, атап айтқанда Мәжілістің рөлі арта түсетін болады. Бұған жаңа аралас сайлау жүйесі де ықпал етеді.
Екіншіден, бұл дамудың ішкі және сыртқы векторларын өзгертуді талап ететін геосаяси жағдай. Біз референдумның қиын геосаяси ахуалға қарамастан, қазақстандықтар бір-біріне сенім артып, билікке сенім артып отырғанын көрсетіп отырғанын көріп отырмыз.
Референдум өзгерістерге қарай жасалған алғашқы қадам ғана екенін атап өту қажет. Енді бізді заңнаманың жаңа Конституцияға сәйкестендіру бойынша жұмыс күтіп тұр», – деп бөлісті депутат.
ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Индира Әубәкірова конституциялық мәдениеттің маңыздылығына тоқталып өтті. «Бізге Конституциялық мәдениетімізді арттыру қажет. Бұл түзетулердің құндылығын кемітетін тосқауыл болады. Бізге орындаушылық, құқықтық, саяси және конституциялық мәдениетті жетілдіру қажет. Конституциялық мәдениет қоғамның құндылықтарын көрсетеді. Саяси ерік көрсетілді. Ендігі мәселе бүкіл қоғамға байланысты», – деді Индира Әубәкірова.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің айтуынша, түзетулердің өңірдегі халықтың сұранысына сәйкес келетінін көрсетеді. «Дауыс беру құрылымы бойынша деректерді бөлек атап өтсем, олардың өңір бойынша біркелкі бөлінгенін, яғни облыс тұрғындары қала тұрғындарына қарағанда белсенді дауыс бергенін байқауға болады. Бұл түзетулер өңірдегі халықтың басым бөлігінің сұраныстарына сәйкес келетінін көрсетеді. Қатысу және мақұлдау деңгейі жоғары болды. Енді барлығы халықтың азаматтық міндеттерді орындау мен азаматтық белсенділігін көрсетуге қаншалықты дайын екендігіне байланысты», – деді сарапшы.
Қазақстан қоғамдық даму институтының директоры Қазбек Майгелдинов реформаларды жүзеге асыру үшін әр азамат белсенділік таныту керектігін атап өтті. «Конституцияға өзгерістер еңгізу – бұл қоғам және халық тарапынан туған сұраныс. Сұраныс орындалды, ендігі кезекте басты мәселе азаматтың жауапкершілікке басты назар аударуы. Алдағы реформаларды жүзеге асыру үшін әр азамат өз белсенділігін таныту керек. Мемлекет басшысы Қ.К.Токаев айтқандай, референдум – бұл реформалардың бастамасы ғана. Реформалардың жалғасы – осы референдумдағы ұсынылған өзгерістерді нақты жүзеге асыру. Демократиялық жол дегеніміз – ол әрбір өзгеріске әр азаматтың қатысуы. Екіншіден, ең маңыздысы, Мемлекет басшысы халықтың мемлекеттік басқаруға кең қатысуы үшін іргетас қалап отыр. Әрбір азамат осы мемлекеттік басқаруға қатысамын десе, ол міндетті түрде жауапкершілікті де қабылдауы керек», – деді Қазбек Майгелдинов.
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сарпеков референдум нәтижесі мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді қатынастарға байланысты деп есептейді. «Өткен референдум мемлекет пен халық арасындағы өзара түсіністік деңгейін айқын көрсетеді. Бір ай бойы ұсынылған түзетулерді түсіндіру бойынша маңызды ақпараттық жұмыс жүргізілді. Менің байқауымша, қазақстандықтардың көпшілігіне ақпарат толық көлемде жеткізілді. Референдум барысында халық белсенді қатысты. Бұған референдумға қатысқан көрсеткіштердің деңгейі дәлел. 70% -бұл жоғары көрсеткіш. Жалпы барлығы жоғары деңгейде өтті деп айтуға болады. Мұны шетелдік бақылаушылар да атап өтті. Ресми деректер бойынша дауыс беру барысында қандай да бір өрескел бұзушылықтар анықталған жоқ. Референдум нәтижесінде барлық түзетулер қабылданды. Ал оң нәтижелер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді қатынастарға байланысты. Болашақта жаңа республикада басталған оң өзгерістерді жалғастыруымыз тиіс. Бұл бір күндік жұмыс емес. Конституцияның 1/3 бөлігі, яғни 33-бапқа түзетулер енгізілгендіктен, Конституцияны күшейту бойынша одан әрі жұмысты жалғастыру қажет. Басты міндет – қоғамда адал, әділ және тең қатынастарды қалыптастыру. Бұған жету үшін бәріміз атсалысып, жұмысты тоқтатпауымыз қажет», – деді ол.
Заң ғылымдарының докторы, ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Сергей Ударцев Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Конституцияға енгізілген өзгерістер соңғы бір ай ішінде түсіндірілгенін айтты. «Осы ережелердің барлығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс істеу қажет. Қазір мемлекеттік органдар 20-ға жуық заңды қабылдап, өзгерістер енгізіп, мүлдем жаңа заңдар шығаруы тиіс», – деп атап өтті Сергей Ударцев.
«Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботаревтың айтуынша, азаматтық қоғам Қазақстанның саяси жүйесінің ашықтығын қолдайды. «Референдумның арқасында қабылданған конституциялық реформалар ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың саяси реформалар бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қазір біз ашық саяси жүйеге көшудеміз, азаматтар саяси өмірге және сайлауға белсенді қатыса алады. Өз кезегінде сарапшылар мен азаматтық қоғам Қазақстанның саяси жүйесінің векторын қолдайды. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Сарапшылар қауымдастығы мемлекеттік басқару жүйесінің жаңа тетіктерін әзірлеуге дайын», – деп қорытындылады сарапшы.