2025 жылғы 30 мамырда «Astana International Forum» алаңында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Еркін Тұқымов пен Elcano Корольдік институтының директоры Чарльз Пауэлл кездесті.
Elcano Корольдік институты (ис. Real Instituto Elcano de Estudios Internacionales y Estratégicos; RIE) – Мадридте (Испания) орналасқан зерттеу орталығы. Институттың негізгі мақсаттарының бірі – халықаралық жағдай мен Испанияның сыртқы саясатын тереңірек түсінуге ықпал ету.
Кездесу барысында тараптар жаһандық контекстегі технологиялық үрдістер мен инновациялық шешімдерді дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сондай-ақ, Қазақстандағы демографиялық үрдістер талқыланып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жастардың қосқан үлесі атап өтілді.
Мәдени-гуманитарлық әріптестік аспектілері талқыланып, мәдениетаралық диалогтың, білім беру бастамалары мен өзара түсіністікті нығайтуға және адами капиталды дамытуға бағытталған бірлескен бағдарламалардың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Тараптар сараптамалық өзара іс-қимылды тереңдетудің өзара түсіністікті арттырудың негізгі элементі екеніне тоқталды.