«Аймақтық барометр» индекстік талдау әдісі негізінде есептеледі және 2 қосалқы индекстен – саяси тұрақсыздықтан және әлеуметтік әл-әуқаттан тұрады.
Саяси тұрақсыздық қосалқы индексі келесі социологиялық индикаторлар:
- наразылықтардың туындау ықтималдығы;
- наразылық акцияларына жеке қатысуға дайындық;
- ҚР Президентіне сенімсіздік деңгейі;
- облыстың/республикалық маңызы бар қаланың әкіміне сенімсіздік деңгейі;
- «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының іске асырылуын теріс бағалау негізінде есептеледі.
Әлеуметтік әл-ауқат қосалқы индиексі келесі социологиялық индикаторлар:
- жинақтардың болмауы кезінде халықтың қарыз жүктемесі;
- төмен және ортадан төмен сатып алу қабілеті;
- жұмысқа қанағаттанбаушылық;
- медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаушылық;
- білім беру қызметтерінің сапасына қанағаттанбаушылық негізінде есептеледі.
1-ҚАДАМ. Әр аймақ бойынша индикаторлардың пайыздық мәндерін индекстік мәнге ауыстырамыз.
2-ҚАДАМ. Аймақтар аясында әрбір қосалқы индекс бойынша орташа арифметикалық мәнін шығарамыз.
3-ҚАДАМ. Әрбір аймақ бойынша қосалқы индекстің пайыздық мәнін шығарамыз
4-ҚАДАМ. Индекстің жалпы мәнін пайызбен шығарамыз
5-ҚАДАМ. Кері сызықтық масштабтауды жүзеге асырамыз (алынған мәнді 100%-дан шегереміз).
Келесі шкала негізінде «Аймақтық барометрді» құрамыз.