Skip to content
Басты бет » Astana Think Tank Forum 2025 аясында жаңа ғылыми білімнің цифрлық платформасы таныстырылды

Astana Think Tank Forum 2025 аясында жаңа ғылыми білімнің цифрлық платформасы таныстырылды

Astana Think Tank Forum 2025 шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) қазақстандық және шетелдік серіктестерімен бірлесіп дайындаған ғылыми білімнің жаңа цифрлық платформасы InsightsCentral.Asia және бірқатар аналитикалық баяндамалар таныстырылған параллельді іс-шаралар сериясы өтті.

Халықаралық форумның бірінші күні ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған екі маңызды side event ұйымдастырылды.

Бірінші іс-шара InsightsCentral.Asia атты жаңа цифрлық платформаның таныстырылымына арналды. Бұл платформа Орталық Азиядағы аналитикалық және ғылыми зерттеулерді біріктіру, алмасу және ілгерілету мақсатында әзірленген.

ҚСЗИ ғалым хатшысы Айгүл Көшербаева InsightsCentral.Asia платформасының академиялық ынтымақтастықты дамыту және Орталық Азияның ғылыми жетістіктерінің көрінуін арттыру үшін тиімді құралға айналатынын атап өтті.

Бір айта кетерлігі, бұл платформа ғылыми жарияланымдардың, аналитикалық баяндамалардың және бірлескен жобалардың кең базасына қол жеткізуді қамтамасыз етеді және ғылыми өзара іс-қимылдың бірыңғай цифрлық кеңістігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Форумның параллель күн тәртібі аясындағы екінші іс-шара ҚСЗИ сарапшылары өзбек әріптестерімен бірлесіп дайындаған және жаңа InsightsCentral.Asia платформасында орналастырылған «Орталық Азия – Ауғанстан ынтымақтастығы: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» атты аналитикалық баяндаманың таныстырылымы болды.

Зерттеудің авторлары – ҚСЗИ халықаралық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы Мұхит Асанбаев, Өзбекстанның Халықаралық қатынастарды перспективалы зерттеу институтының Ауғанстан және Оңтүстік Азияны зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Хамза Болтаев, сондай-ақ Өзбекстан Дүниежүзілік экономика және дипломатия университеті жанындағы аталған институттың аға ғылыми қызметкері Наргиза Умарова.

Зерттеу Орталық Азия мен Ауғанстанды ортақ мәдени және экономикалық кеңістік біріктіретінін атап өтеді.

«Қазақстан мен Өзбекстан Ауғанстанды стратегиялық серіктес және әлеуетті түрде Орталық пен Оңтүстік Азияны байланыстыратын көлік дәлізі, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын басқаруда маңызды қатысушы ретінде көреді», – деді М. Асанбаев.

Astana Think Tank Forum 2025 аясындағы параллельді іс-шаралардың күн тәртібі осы халықаралық алаңның бірлескен ғылыми бастамаларды ілгерілетудегі, сараптамалық біліммен алмасудағы және Орталық Азиядағы ғылыми-аналитикалық ынтымақтастықты нығайтудағы стратегиялық рөлін айқын көрсетті.