2022 жылдың 18 қазан күні Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Ресей Ғылым академиясының Е.М.Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институты «Орталық Азия – Ресей: бірлесіп дамудың кезектегі мәселелері» атты сарапшылар форумын өткізуде.
Форумға Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Ресейдің талдау орталықтарының басшылары, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша сарапшы мамандар қатысуда.
Форум аясында аймақтық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, Орталық Азия мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту бағыттары және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланады.