Skip to content
Басты бет » Басшылық

Басшылық

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры

 

Білімі:

  • 2009 ж. – «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

  • 2020 ж. – Испаниядағы IE университетінде бизнес-аналитика және Big Data мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

    Ағылшын тілін меңгерген.

Еңбек жолы:

  • 2009 – 2010 жж. – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің бас сарапшысы

  • 2010 – 2013 жж. – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ менеджері

  • 2013 – 2014 жж. – Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі

  • 2014 – 2016 жж. – Ұлттық экономика министрлігінің стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры

  • 2016 – 2019 жж. – «Бәйтерек» ҰБХ АҚ департамент директоры, басқарушы директоры

  • 2019 – 2020 жж. – «QazTech Ventures» АҚ басқарма төрағасы

  • 2020 – 2022 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты департаментінің директоры

  • 2022 – 2023 жж. – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы

  • 2023 – 2025 жж. – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

  • 14.05.2025 – 16.06.2025 жж. – Ұлттық экономика вице-министрі

  • с 16 маусым 2025 ж. – Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры

Сыртқы саясат жөніндегі директордың орынбасары

 

Білімі:

  • 1997 жыл – «Қайнар» университеті

  • 1999 жыл – «Қайнар» университеті, магистратура

  • 2003 жыл – Монтерей халықаралық зерттеулер институты, магистратура

  • 2011 жыл – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Мамандық бойынша біліктілігі:

  • Халықаралық қатынастар жөніндегі маман, екі шетел тілін меңгерген елтанушы
  • Халықаралық қатынастар магистрі
  • Халықаралық саясатты зерттеу саласындағы магистр 
  •  

Еңбек жолы:

  • 08.1997–01.2001 – «Орталық Азия жобасы» зерттеу тобының жобалар жетекшісі; 
  • 12.2000–08.2001 – Қазақстанның инвестицияларға жәрдемдесу орталығы «KAZINVEST»-тің Инвестициялық жобаларды ілгерілету және инвесторлармен жұмыс бөлімі шетелдік инвесторлармен жұмыс жөніндегі менеджері;
  • 2003–2011 – Монтерей халықаралық зерттеулер институты жанындағы Джеймс Мартин орталығының өңірлік өкілдігінің бағдарламалар үйлестірушісі, атқарушы директоры, директордың м.а.;
  • 2008–2010 – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Академиялық мәселелер департаментінің аккредиттеу және рейтинг бөлімінің бастығы;
  • 2011–2014 – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік бөлімінің аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісінің м.а.;
  • 2015–2016 – Назарбаев Университеті. Ғылыми қызметкер, Қосымша білім, даму және жобалар департаментінің аға менеджері;
  • 2017–2020 – Х.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері;
  • 01.02.2023 – 20.10.2025 – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Халықаралық қауіпсіздік бөлімінің жетекшісі;
  • 20.10.2025 – ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты диркторының орынбасары
  •  

Ішкі саясат мәселелері жөніндегі директордың орынбасары

Ішкі саясат, социологиялық зерттеулер, сайлау процесіне әдістемелік қолдау көрсету және қоғамдағы электоралдық көңіл-күйді талдау бағыттары бойынша Институттың қызметін үйлестіреді. Сондай-ақ Институттың сараптамалық-талдамалық, болжамдық, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыс жүйесін құрумен айналысады.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің философия және психология факультетінің түлегі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану мамандығы бойынша магистратура және докторантурасын бітірген.

Саяси ғылымдар бойынша PhD докторы.

Ұлыбританиядағы INTO University of East Anglia және Венгриядағы Central European University оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өткен, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері.

Ағылшын тілін меңгерген.

Марапаттары: «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы» мерекелік медалі (2015 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы» мерекелік медалі (2016 ж.), «Астана 20 жыл» медалі (2018 ж.), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» медалі (2020 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021 ж.) және басқа да ведомстволық марапаттар.

Қазақстандағы сараптамалық орталықтардың дамуы, саяси технологиялар, ішкі саясат мәселелері бойынша 30-дан астам ғылыми мақаланың авторы.

«Саясаттағы сараптамалық талдау орталықтары: әлемдік тәжірибе және Қазақстан» атты монографияның авторы. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, мемлекеттік органдар мен сараптамалық орталықтардың 17 ғылыми жобасына ғылыми қызметкер және аналитик ретінде қатысқан.

Экономикалық саясат жөніндегі директордың орынбасары

Ұлттық, экономикалық саясат және қауіпсіздік, халықаралық экономика, стратегиялық жоспарлау бағыттары бойынша Институттың қызметіне жетекшілік етеді. Сараптамалық-талдамалық, болжамдық, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстың жүйесін қалыптастыруға жауапты.

Ұлыбританиядағы Ноттингем университетінің мемлекеттік саясат мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие. Сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр дәрежелерін алған.

17 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның 11 жылын мемлекеттік қызметте өткізген. Атырау облысы әкімі аппаратының басқармаларында, ҚР Ұлттық экономика министрлігінде жұмыс істеп, халықаралық қаржы ұйымдары және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік еткен.

2019-2022 жылдары «Бәйтерек» ұлттық холдингінің құрылымында — «Qaztech Ventures» АҚ мен «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да қызмет атқарып, стратегиялық, корпоративтік даму және халықаралық ынтымақтастық департаменттерін басқарды.

2022-2025 жылдары «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, Алматы қаласының аналитикалық зерттеулер жүргізуін, цифрлық және деректерді талдау құралдарын дамытуын қамтамасыз ететін Think tank бағытын үйлестірді.

2025 жылғы 1 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары болып тағайындалды.

Әкімшілік қызмет жөніндегі директордың орынбасары

Институттың қаржы-экономикалық, әкімшілік-шаруашылық қызметі және медиа сүйемелдеу бағыттары бойынша жұмысын басқарады.

Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетінің («Қаржы, есеп және аудит» бакалавры), «Қайнар» университетінің («Құқықтану» магистратурасы), Қаржы академиясының («Экономика» докторантурасы) түлегі.

Ағылшын тілін меңгерген.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2018 ж.), «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» медалімен (2018 ж.), «Астанаға 20 жыл» медалімен (2015 ж.) және басқа да ведомстволық марапаттармен наградталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы

ҚСЗИ-дың Алматы қаласындағы Өкілдігінің қызметін ұйымдастыру және басқару жұмыстарын жүзеге асырады.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетінің бакалавры және магистрі; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының докторантурасын тәмамдаған. Саясаттану мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесіне ие.

Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты» (2022 ж.), «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 30 жылдығы» (СВМДА) мерейтойлық медалі (2022 ж.), «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2022 ж.), «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы» мерейтойлық медалі (2021 ж.), «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018 ж.), «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің 25 жылдығы» мерейтойлық медалі (2018 ж.), «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 80 жылдығы» медалі (2017 ж.) және басқа да ведомстволық наградалары бар.

80-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде академиялық журналдарда, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар материалдарының жинақтарында, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған еңбектері бар. Сонымен қатар 16 ұжымдық монографияның авторласы болып табылады. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің желісі бойынша жүзеге асырылған 5 гранттық және 3 бағдарламалық-нысаналы ғылыми жобаның тең авторы әрі орындаушысы.

Ғылыми қызығушылықтары: саяси институттар, саяси үдерістер, бұқаралық ақпарат құралдары, жаһандық медиапроцестер, халықаралық қатынастар, Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Ғалым хатшы

Институт пен Ғылыми кеңестің қызметін қамтамасыз етеді және Институттың мақсаттарына қол жеткізуге өз үлесін қосады.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін (саяси экономика бөлімі) тәмамдаған.

Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

АҚШ-тың Сиракьюс университеті жанындағы Maxwell School of Citizenship and Public Affairs мектебінде ғылыми тағылымдамадан өткен («Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты).

Ағылшын тілін меңгерген.

Мемлекеттік басқару саласының маманы; Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік басқару жөніндегі сарапшылар комитетінің (Committee of Experts on Public Administration) сарапшысы.

Мемлекеттік марапаттары бар:

— «Ерен еңбегі үшін» медалі,

— «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі,

— «Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы» мерейтойлық медалі.

Жарияланған ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 75-тен астам, оның ішінде халықаралық рецензияланған басылымдарда – 11 мақала.

Хирш индексі: 3

Researcher ID: E-6636-2018

ORCID: 0000-0002-3096-0892

Scopus Author ID: 57201895198