2025 жылғы 17 шілдеде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты бірлесіп стратегиялық сессия өткізді. Сессия «Болашақ» бағдарламасының тиімділігін арттыру мәселелеріне арналды.
ҚСЗИ директоры Жандос Шаймарданов қатысушыларға кіріспе сөз сөйлеп, «Болашақ» бағдарламасының адам капиталының дамуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жаңғыруына қосатын ерекше үлесін атап өтті.
Негізгі баяндаманы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әділ Құсманов жасады. Өз сөзінде ол «Болашақ» бағдарламасындағы соңғы өзгерістерге тоқталды. Атап айтқанда, жаратылыстану-техникалық бағыттарға, соның ішінде жасанды интеллект пен атом өнеркәсібіне басымдық беріліп отырғанын, тағылымдамалардың тек елдің ресми тілінде өтуі талап етілетінін және тағы басқа бірқатар жаңашылдықтарды атап өтті. Сондай-ақ, ол бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі мен стипендияның ай сайынғы көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстарды таныстырды.
Пікірталас барысында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі Төрағасының орынбасары Сырымбет Қаскеев, KPMG консалтингтік компаниясының серіктесі әрі жетекшісі Тимур Омашев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ерділда Тәутенов, сондай-ақ экономика мен білім саласының сарапшылары Жаныбек Айғазин, Руслан Сұлтанов, Еламан Төлепберген, Ербол Төлегенов және Нұрмұхаммед Досыбаев сөз сөйледі.
Стратегиялық сессия қорытындылары «Болашақ» бағдарламасын жетілдіру және оның Қазақстанның тұрақты дамуына қосатын үлесін арттыру мақсатында талдамалық және нормативтік ұсыныстар әзірлеуде пайдаланылатын болады.
