2022 жылдың 8 қарашасында онлайн форматта «Қытай және Орталық Азия»: бірлесіп дамуға жаңа жол» сараптамалық форумы өтті. Форум ұйымдастырушылары – Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты, Қырғыз Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық стратегиялық зерттеулер институты, Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер орталығы, Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қатынастар институты.
Форумға ҚКП ОК 20 шақырылымының мүшесі, Қытай қоғамдық ғылым академиясының вице-президенті Гао Саян, Шанхай Ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев қатысты.
Өз сөзінде ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов экономика, сауда салаларында өзара әрекеттесудің тиімділігін арттырып, ынтымақтастықта ғылыми-зерттеудің рөлін кеңейту қажеттілігін атап өтті.