2024 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында Эстонияның СІМ Көпжақты ынтымақтастық және медиация мәселелері жөніндегі арнайы елшісі Тийна Интэлманн ханым бастаған Эстония делегациясымен кездесу өтті. Эстония делегациясын ҚСЗИ директорының орынбасары Аскар Нұрша қарсы алды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту үшін өзекті бағыттар, сондай-ақ екі ел арасындағы өзара түсіністікті нығайту мақсатында талдамалық және зерттеу жұмыстарын дамыту перспективасы талқыланды.
Ғылыми, зерттеу және гуманитарлық салаларда Қазақстан мен Эстония арасындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша диалогты жалғастыруға және өзара тиімді серіктестікті дамытуға бағытталған жаңа жобаларды қарастыруға дайындық білдірді.