Халықаралық күн тәртібіндегі қазіргі үрдістер туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов пен Франция Сыртқы Істер Министерлігінің Құрлықтық Еуропа департаментінің директоры Брис Рокфей бірқатар мәселелерді талқылады.
Тараптар халықаралық қауіпсіздікке қатысты стратегиялық мәселелерді шешуде талдамалық қызметтің маңыздылығын атап өтті. Брис Рокфей Францияның Ауғанстанның жағдайына және терроризммен күресу әдістеріне қатысты алаңдаушылығының барын атап өтті.
Сонымен қатар талқылау Орталық Азиядағы су менеджменті төңірегінде болды. Соңғысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы шеңберінде Қазақстанның Франциямен бірлесіп өткізуді жоспарлап отырған One Water Summit аясында өзекті мәселе болып тұр.
Француз делегациясы екі елдің ғылыми институттары арасындағы серіктестік қатынастарды, соның ішінде бірлескен білім беру және талдамалық бағдарламалар арқылы дамытуды қолдайды.