2022 жылғы 27 қазанда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігіне қарасты Кавказ және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Реми Буаллегпен кездесті.
Кездесуге Францияның Қазақстандағы Елшілігінің бірінші кеңесшісі Доминик Жанти, Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, ҚCЗИ директорының орынбасары С.Көшкімбаев және ҚСЗИ сарапшылары қатысты.
Іс-шара барысында әлемдік саясат пен аймақтық қауіпсіздік мәселелері, қос елдің сыртқы саяси басымдықтары, талдау орталықтары арасындағы ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы перспективалары, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды өткізу мүмкіндіктері талқыланды.