Skip to content
Басты бет » Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары

Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары

ЖАС САРАПШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты «Қазақстан: дамудың сын-қатерлері мен шешу жолдары» атты екінші Жас сарапшыларды қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты – отандық жас зерттеушілердің сарапшылық және ғылыми-зерттеу саласындағы бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, қоғамдық ғылымдар саласында зерттеулер жүргізуіне қолдау көрсету.

Өтінімдер 2023 жылдың 6 ақпанынан 7 наурызына дейін қабылданады.

Байқауға қатысуға гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы магистр дәрежесі, ғылыми журналдарда жарияланымы, сондай-ақ кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар 35 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер бекітілген Ережеге сәйкес granty.kisi2023@gmail.com  электрондық поштасына Өтінім жіберуі керек.

Жүктеу:

Бағдарлама қатысушылары ҚСЗИ зерттеу бағыттарына сәйкес топтық және жеке талдамалық баяндамалар әзірлеуі қажет. Бағдарлама қатысушыларының зерттеу дағдыларын дамыту үшін арнайы тренингтер мен семинарлар өткізіледі.

Зерттеу бағыттары:

  • Саяси зерттеулер
  • Әлеуметтанулық зерттеулер
  • Халықаралық зерттеулер
  • Экономикалық зерттеулер

Өтінімге келесі құжаттар кіреді:

  • толтырылған өтінім;
  • уәждемелік эссе;
  • зерттеу тақырыбын негіздеу;
  • үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесі;
  • магистр дәрежесі туралы дипломның сканерленген көшірмесі;
  • философия докторы (PhD)/профиль бойынша доктор/PhD/ғылым докторы дипломының сканерленген көшірмесі (бар болса);
  • еңбек кітапшасының немесе еңбек қызметін растайтын басқа да құжаттардың сканерленген көшірмесі;
  • ғылыми еңбектер тізімі, сканерленген көшірме немесе жарияланымдарға сілтеме.

Келесі жағдайларда ҚСЗИ себептерін көрсетпей Өтінімді қараудан бас тартуға құқылы:

  • Өтінімді хабарламада көрсетілген мерзімнен кеш ұсыну;
  • Үміткердің құжаттардың толық топтамасын ұсынбауы, Өтінімде толтырылмаған тармақтардың болуы және/немесе Өтінімнің/Үміткердің осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеуі;
  • құжаттардағы дәйексіз деректердің анықталуы;
  • ҚСЗИ үшін беделдік нұқсан келтіретін мәліметтердің анықталуы;
  • құжаттардың скан-көшірмелерінің сапасының төмендігі;
  • уәждемелік эссе мен зерттеу тақырыбының негіздемесіндегі жалпы сөздер саны бойынша талаптардың сақталмауы.

Байқау қорытындысы бойынша саяси, экономикалық және әлеуметтанулық тақырыптарға арналған үздік материалдар іріктеледі. Бағдарламаның финалистеріне 750 000 теңге бөлінеді.