18 маусымда ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-да Өзбекстандық сарапшылармен кездесу өтті. Өзбекстан тарапынан Орталық Азия халықаралық институты және Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институтының өкілдері келді.
Сарапшылар мемлекетаралық және өңірлік әріптестік мәселелерін, атап айтқанда, өңірлік кооперация, ақпараттық-мәдени өзара іс-қимыл және ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар алдағы бірлескен іс-шаралар мен зерттеулерді ұйымдастыруды, сонымен қатар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сараптамалық байланыстарды одан әрі нығайту мүмкіндіктерін қарастырды. Екі елдің жас ғалымдары мен сарапшылары арасындағы байланыстарды кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді.