Skip to content
Басты бет » «Қоғам келбеті»: Ата-аналар кітап оқи ма?

«Қоғам келбеті»: Ата-аналар кітап оқи ма?

ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ата-аналардың өздері үшін кітап оқиды ма, жоқ па деген сұрақ бойынша қазақстандықтарға жүргізілген сауалнама нәтижелерін ұсынады.

Республикалық зерттеу нәтижелеріне сәйкес, некеде тұрған әр екінші респондент ешқашан кітап оқымайды.Үйленген респонденттердің тек 5,0%-ы күн сайын кітап оқиды. Кішкентай және ересек балалары бар ешқашан кітап оқымайтын респонденттердің үлесі өте жоғары: отбасыларында 4 және одан көп баласы барлардың – 43,7%; бір баласы барлардың – 53,7%; ал кәмелетке толған балалары бар респонденттердің 56,3%-ы кітап оқымайды.

Материалдың толық нұсқасын мына жерден қараңыз