8 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында директор Еркін Тұқымов пен Нархоз университетінің президенті Қанат Қожахметовтың кездесуі өтті. Кездесу барысында екі мекеменің ынтымақтастық мүмкіндіктері, Қазақстанда жоғары білім беруді дамыту мәселелері, атап айтқанда, халықаралық қатынастар саласында үлкен деректерді пайдалану әлеуеті талқыланды.
Заманауи цифрлық технологиялар жаһандық трендтерді терең зерттеуге, халықаралық қатынастардың дамуын болжауға және тиімді стратегияларды әзірлеуге жаңа мүмкіндіктер ашады. Биыл Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ақпараттың үлкен көлемін жүйелеуге және талдауға арналған деректер базасымен жұмыс жөніндегі арнайы бөлім құрылды. Нархоз университеті жыл сайын осы бағыт бойынша күрделі аналитикалық мәселелерді шешуге дайын білікті магистрлерді оқытады. ҚСЗИ мен Нархоздың бірлескен күш-жігері синергетикалық әсер жасауға және Қазақстанда талдамалық зерттеулерді жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.