Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Дания Елшісімен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Дания Елшісімен кездесу өтті

2025 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Дания Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Йеспер Вармен кездесу өтті.

Кездесу барысында халықаралық ахуалдағы үрдістерді көрсететін экономикалық аспектілерге ерекше назар аударылды. Тараптар екіжақты қатынастарды дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында көпқырлы байланыстарды дамытуға үлкен әлеует бар екені атап өтілді.

Кездесу қатысушылары екі елдің бейінді сараптамалық және аналитикалық қауымдастықтарының өзара іс-қимылының маңыздылығына тоқталды.