Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Фридрих Эберт қорының делегациясымен кездесу өтті

ҚСЗИ-да Фридрих Эберт қорының делегациясымен кездесу өтті

2025 жылғы 10 маусымда Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында ҚСЗИ сарапшылары мен Фридрих Эберт қорының өкілдері арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы өңірлік ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Сондай-ақ Қазақстан мен Германия арасындағы экономикалық, сауда және инвестициялық байланыстардың негізгі аспектілері қарастырылып, екіжақты серіктестікті кеңейту мүмкіндіктеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастық бағыттарын одан әрі дамытуға бейілділіктерін растады. Сонымен қатар сараптамалық өзара әрекеттестікті нығайтуға және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.

Фридрих Эберт қоры (Friedrich-Ebert-Stiftung, FES) 1925 жылы құрылған, Германиядағы ең көне саяси қорлардың бірі. Қор Германияның демократиялық жолмен сайланған тұңғыш президенті Фридрих Эберттің есімімен аталған және терең тарихи дәстүрлерге ие.