Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдерімен кездесу өтті

ҚСЗИ-да ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдерімен кездесу өтті

2025 жылғы 29 шілдеде ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Комитет төрағасының орынбасары Ерәділ Ахметов, ҚСЗИ директорының орынбасарлары Алуа Жолдыбалина мен Нұрлан Сакуов, сондай-ақ екі тараптың сарапшылары қатысты.

Тараптар өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын, соның ішінде сараптамалық және талдамалық қолдау көрсету, деректермен алмасу, сондай-ақ бірлескен жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.

Ерәділ Ахметов ҚСЗИ-дың жоғары талдамалық әлеуетін атап өтіп, терең талдау мен болжау жасау мақсатында цифрлық деректермен алмасудың маңыздылығын атап көрсетті.

Алуа Жолдыбалина Институттың жұмыс бағыттарын таныстырды – сыртқы және ішкі саясат, экономика, сонымен қатар азаматтардың өтініштерін талдаудың қоғамдық көңіл-күйдің маңызды көрсеткіші ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Нұрлан Сакуов әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша шешімдер әзірлеуде сараптамалық орталықтардың рөлін атап өтіп, буллингтің алдын алу мен айыппұл санкцияларын реттеу сияқты салаларда үлкен деректер мен экономикалық модельдеуге негізделген жүйелі тәсілдің қажеттігін айтты.

Бұл кездесу ведомствоаралық диалогты нығайтуға және мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми-сараптамалық қауымдастық пен құқық қорғау органдары арасындағы әріптестікті күшейтуге бағытталған маңызды қадам болды.