2022 жылғы 12 тамызда ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қабырғасында директор Еркін Тұқымов Қытайдың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарына, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ екі елдің ғылыми-зерттеу саласына қатысты кең ауқымды тақырыптар талқыланды.
Тайвань мәселесін талқылай отырып, ҚСЗИ директоры Қазақстанның «бір Қытай» қағидатын және Тайваньның Қытай Халық Республикасы аумағының құрамдас бөлігі ретінде бөлінбейтіндігін қолдау жөніндегі ресми ұстанымын растады.
Сондай-ақ кездесу барысында Е.Тұқымов Қазақстан мен Қытайдың сараптама-талдау орталықтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыру қажеттігіне тоқталды.