Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-да Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық туралы дәріс өтті

ҚСЗИ-да Орталық Азиядағы аймақтық ынтымақтастық туралы дәріс өтті

9 қыркүйекте ҚСЗИ директорының орынбасары Санат Көшкімбаев «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасының білім беру хабы аясында жас зерттеушілерге арнап дәріс оқыды.

Саясаттанушы Қазақстан мен Орталық Азия елдері ынтымақтастығының негізгі аспектілеріне тоқталып, аймақтық ынтымақтастықтан не күтетінін айтты.

Сонымен қатар дәріс барысында аймақ мемлекеттерінің саяси және экономикалық күн тәртібі, өңірлік ынтымақтастықтың ішкі және сыртқы сын-қатерлері, Орталық Азия мемлекеттерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қарастырылды.