Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ директоры Қытай халықтық сыртқы істер институтының басшылығымен онлайн режимде кездесті

ҚСЗИ директоры Қытай халықтық сыртқы істер институтының басшылығымен онлайн режимде кездесті

2022 жылғы 15 қарашада ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов пен Қытай халықтық сыртқы істер институтының вице-президенті Ши Лин ханым арасында онлайн кездесу өтті.

Директор Еркін Тұқымов екіжақты қарым-қатынастардың өсу қарқынының оң динамикасына назар аударып, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың перспективасын атап өтті.

Талқылау барысында Қытай институтының вице-президенті Ши Лин ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы мен болжау саласында сапалы жаңа деңгейге шығудың өзектілігін атап өтті.

Тараптар қос елдің жетекші талдау орталықтары арасындағы қарым-қатынасты дамытудың маңыздылығына тоқталып, институттар өткізетін іс-шараларға қатысуға уағдаласты.