Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ-дың Қытайдың жетекші «ақыл-ой орталығымен» өзара әрекеттесу әлеуеті

ҚСЗИ-дың Қытайдың жетекші «ақыл-ой орталығымен» өзара әрекеттесу әлеуеті

Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясы – елдің жетекші ғылыми орталықтарының бірі. Академия құрамында 40-тан астам ғылыми институттар жұмыс жасап, мемлекеттік саясатты қалыптастыруда және ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан мен Қытайдың талдау орталықтары арасында серіктестік орнату, елдер арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау және «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру. Қытай делегациясы ҚСЗИ-на ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің қатысуымен өткен саммит аясында келді.

Талқылау барысында тараптар екі ел арасындағы халықаралық өткізу пункттерімен байланысты өзекті мәселелерді көтеріп, инфрақұрылымды дамыту, Орталық Азия елдерімен көпжақты ынтымақтастықты тереңдету жайында мәселелерді алға тартты.