2023 жылғы 6 желтоқсан күні ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында директор Еркін Тұқымовтың «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігінің төрағасы Аркен Арыстановпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Еркін Тұқымов ҚСЗИ мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын іске асыруды талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратынын, сондай-ақ KazAID-пен жемісті жұмыс жасауға дайын екенін атап өтті.
Тараптар екіжақты өзара әрекеттестіктің перспективалық бағыттарын және Қазақстанның дамуға көмек көрсетудегі стратегиялық тәсілдерінің тиімділігін жетілдіру әрі арттыру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізуге ықпал ететін ынтымақтастықтың бірқатар басым бағыттары айқындалды.