2024 жылғы 26-27 қарашада ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты Өңірлік сарапшылар кеңесінің өткен жылдың қорытындыларын талқылауға арналған отырысы өтті.
Іс-шараның модераторы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина болды. Талқылау аясында сарапшылар өткен жылдың негізгі оқиғалары мен жетістіктерін қарастырып, Қазақстанның алдында тұрған сын-қатерлерді талдап, келесі жылда не күтетіндерімен бөлісті.
Саясаттанушы Замир Қаражанов пен дінтанушы Әл-Фараби Болатжан (Алматы қ.) онлайн-петициялардың ресми платформасын іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, бұл халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді, азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал етеді.
Степногорск қалалық мәслихатының депутаты Оксана Волкова-Михальская (Ақмола облысы) өткен жылы қабылданған Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жаңа заңның маңыздылығын атап өтті. Осы құжаттың арқасында әйелдер мен балаларды қорғауға көбірек мүмкіндіктер пайда болды. Алайда, сарапшының пікірінше, арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялауды іске асыру бөлігінде қосымша пысықтау қажет. О. Волкова-Михальскаяның бағалауы бойынша, заңның оң тұсы – Қазақстан үйдегі агрессорлармен жұмыс істеу туралы норманы енгізген ТМД-ның алғашқы елдерінің бірі болды.
Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Қазыбек Дауталиев қоғамдық талқылауға өңірлерден келген азаматтық қоғам өкілдерін қосудың арқасында Ұлттық Құрылтайдың Ұлттық пікірталас платформасының маңыздылығын арттыруды атап өтті.
Коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығының вице-президенті Николай Исаев Абай облысының құрылуы инвестициялар көлемін ұлғайтып, аймақтың дамуына оң ықпал еткенін атап өтті. Сарапшы өңірлік ерекшеліктер мен мәселелерді білетін жергілікті тұрғындар арасынан облыс әкімдерін тағайындаудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар сарапшылар көктемгі су тасқыны кезінде өңірлердің қолдауын, қазақстандықтардың бірлігін атап өтті. Соның арқасында табиғи апаттардың салдарын барынша азайтуға мүмкіндік туды.