Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшылары икемді жұмыспен қамтудың негізгі факторлары жөнінде зерттеу жариялады

ҚСЗИ сарапшылары икемді жұмыспен қамтудың негізгі факторлары жөнінде зерттеу жариялады

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми хатшысы Айгүл Көшербаева мен Экономикалық саясатты талдау бөлімінің жетекшісі Анна Альшанская Scopus дерекқорына енген Public Policy and Administration журналының 2-нөмірінде «The Future of Work: PESTLE Analysis of Flexible Work in Kazakhstan» атты мақаласын жариялады.

Мақалада Қазақстандағы икемді жұмыспен қамтудың дамуына әсер ететін макроэкономикалық факторлар қарастырылады. Зерттеу саяси, экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, құқықтық және экологиялық (PESTLE) факторлардың рөлін сараптайды. Зерттеудің мақсаты – біріншіден, осы факторлардың әрқайсысының Қазақстандағы икемді жұмыспен қамтуды қалыптастырудағы маңыздылығын анықтау, екіншіден, олардың ықпал ету деңгейінде статистикалық тұрғыда елеулі айырмашылықтардың бар-жоғын айқындау.

Анализ жасау үшін сараптамалық сауалнама жүргізіліп, нәтижелері сипаттамалық статистика және дисперсиялық талдау (ANOVA) әдістері арқылы өңделді. Нәтижелер технологиялық және әлеуметтік факторлардың икемді жұмысты кеңінен енгізуде шешуші рөл атқаратынын көрсетті, ал экологиялық факторлар ең төмен ықпал ететіндер қатарына кірді. Бұл деректер Қазақстандағы икемді жұмыспен қамту саласындағы үдерістерге эмпирикалық түсінік беріп, еңбек нарығының бейімделгіш әрі орнықты моделін қалыптастыруға бағытталған саясаттық ұсынымдар жасауға негіз болады.

Мақаланың толық нұсқасымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://ojs.mruni.eu/ojs/public-policy-and-administration/article/view/8578