2024 жылғы 19 қыркүйекте Астанада Qalam Club пен Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің (КАСМО) жаңа әлемдік тәртіпті қалыптастыру және батыстық үстемдіктен терең плюрализмге көшу тақырыбына арналған алғашқы бірлескен іс-шарасы өтті. Іс-шара public talk форматында өтті.
Алаңның негізгі спикері қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың жетекші теоретиктерінің бірі, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) құрметті профессоры Барри Бузан болды.
Кездесуге Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин және кәсіпкер, Freedom Holding Corp. негізін қалаушы Тимур Турлов қатысты. Алаңның модераторы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов болды. Талқылауға сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшылары, халықаралық қатынастар саласындағы жетекші қазақстандық сарапшылар қатысты.
Барри Бузан секьюритилендіру теориясының авторы және Копенгаген қауіпсіздікті зерттеу мектебінің негізін қалаушылардың бірі ретінде танымал. Іс-шара барысында халықаралық қатынастар мен қауіпсіздік жүйесін трансформациялау мәселелері бойынша белсенді пікір алмасулар мен саралау өткізілді.