2025 жылғы 12 желтоқсанда Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) алаңында «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI Халықаралық конференциясы өтті. Талқылаудың негізгі тақырыптары жастар арасындағы сенім динамикасы, олардың әлеуметтік капиталын дамыту және заманауи технологиялардың, соның ішінде жасанды интеллекттің қоғамдық институттарға әсері болды.
Конференция қазақстандық қоғамдағы ағымдағы трендтер туралы пікір алмасу үшін жетекші отандық және шетелдік сарапшыларды, ғалымдарды, ҮЕҰ өкілдерін, сондай-ақ оқытушылар мен студенттерді жинады.
Пікірталас барысында ағымдағы жаһандық және ішкі өзгерістер жағдайында сенімділікті қалыптастыру, жастар арасында әлеуметтік капиталды нығайту, жасанды интеллекттің ақпарат пен институттарға деген сенім деңгейіне әсері, сондай-ақ азаматтық белсенділіктің жаңа нысандарының пайда болуы және институттарды қабылдаудағы ұрпақаралық айырмашылықтар сияқты тақырыптық мәселелер қозғалды.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтынан конференция жұмысына Алматы қаласындағы ҚСЗИ өкілдігінің басшысы Әсел Назарбетова және Саяси зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Нұрдәулет 3атилла қатысты.
Панельдік сессияда Н.3атилла Қазақстандағы жастар саясатын іске асыру институттары туралы сөз қозғады. Сарапшы жастардың азаматтық қатысуын одан әрі кеңейтудің маңыздылығына назар аударып, елімізде «жастар үшін» тәсілінен «жастармен бірге» инклюзивтіге маңызды көшу жүріп жатқанын атап өтті. Сарапшының пікірінше, мұндай жұмыс форматы өскелең ұрпақтың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға деген сенім деңгейіне оң әсер ету үшін айтарлықтай әлеуетке ие.
Конференцияның маңызды бөлігі – қазақстандық жастардың сенім ерекшеліктеріне арналған AlmaU Trust Barometer 2025 зерттеуінің нәтижелерінің таныстырылымы өтті. Осы өлшем қорытындысы бойынша жастар арасындағы президенттік институтына деген сенімнің жоғары деңгейі (68,9%) ҚСЗИ жүргізген жалпыұлттық әлеуметтанулық сауалнаманың деректерімен үндес келетінін атап өткен жөн, зерттеу нәтижелері қазақстандықтардың Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейі тұрақты түрде жоғары екенін көрсетіп отыр – 86%.
Халықаралық конференция қорытындысы бойынша қатысушылар бірауыздан қазіргі қазақстандық жастардың өзін-өзі жүзеге асыру, әлеуметтік капиталды нығайту және елді дамыту үшін елеулі таланты мен зор әлеуеті бар деген қорытындыға келді.




