Skip to content
Басты бет » ҚСЗИ сарапшысы Бейжіңде өткен жаһандық қауіпсіздік жөніндегі Ваньшоу диалогына қатысты

ҚСЗИ сарапшысы Бейжіңде өткен жаһандық қауіпсіздік жөніндегі Ваньшоу диалогына қатысты

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Азиялық зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы Әлия Мусабекова 13–14 мамыр күндері Бейжің қаласында өткен жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне арналған IV Ваньшоу диалогына қатысты. Биылғы форумның тақырыбы – «Түрлі күйзеліс кезеңіндегі жаһандық қауіпсіздік: ірі державалардың жауапкершілігі».

Іс-шараға әлемнің 37 елінен 50-ден астам саяси тұлғалар, беделді сарапшылар мен ғалымдар жиналды. Диалог жыл сайын Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Халықаралық байланыстар бөлімі жетекшілігімен Қытай Халықаралық бейбітшілік пен қарусыздандыру қауымдастығының ұйымдастыруымен өтеді және жаһандық қауіпсіздік мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаң.

 «Ірі державалар арасындағы қатынастар және Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік» сессиясында баяндама жасаған ҚСЗИ өкілі өңірлік қауіпсіздік үдерістері мен Азия-Тынық мұхит және Орталық Азия аймағы арасындағы өзара байланыстардың артуына тоқталды. Өз баяндамасында өңірлік тұрақтылық пен орнықты даму үшін аймақаралық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығы атап өтті.

Форумның ресми бағдарламасынан бөлек, Әлия Мусабекова халықаралық делегация құрамында Чунцин муниципалитетіне барып, семинарлар мен далалық зерттеулерге қатысты. Бұл сапар Қытай сарапшыларымен кәсіби байланысты нығайтуға ықпал етті.