Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Санат Көшкімбаев 2025 жылғы 19–20 маусым күндері Моңғолияның Улан-Батор қаласында өткен CAMCA-2025 аймақтық форумында спикер ретінде сөз сөйледі.
CAMCA-2025 форумының тақырыбы — «Аймақтың болашағы: бизнес, қоғам және CAMCA-дағы басқару». Санат Көшкімбаев «CAMCA аймағын институционализациялау» атты арнайы пленарлық сессияға қатысып, Central Asia-Caucasus Institute & Silk Road Studies Program зерттеу орталығы жариялаған policy paper форматындағы «Gone but Not Forgotten: The Central Asian Union, 1990–2005» атты зерттеуін таныстырды. Баяндамасында сарапшы Орталық Азия елдері мен кеңірек CAMCA аймағы арасындағы ынтымақтастықтың болашағы жөніндегі өз көзқарасымен де бөлісті.
2014 жылы құрылған сәттен бастап CAMCA форумы аймақтағы түрлі елдерде өткізіліп, осы уақытқа дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 1 700-ден астам қатысушы мен 490-нан астам спикерді жинады. Форум аймақтың 10 елінен жас көшбасшыларға арналған жетекші алаң ретінде мойындалған және негізгі аймақтық әрі халықаралық стейкхолдерлер арасындағы ынтымақтастық пен стратегиялық әріптестікті нығайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл – жетекші сарапшылармен пікір алмасып, аймақтағы өзекті кәсіпкерлік, технологиялық және әлеуметтік-экономикалық трендтермен танысатын маңызды платформа. Форум қатысушыларының қатарында аймақ елдерінің президенттері мен премьер-министрлері, парламент мүшелері, министрлер, АҚШ-тың бұрынғы үкімет мүшелері, елшілер, Дүниежүзілік банктің президенттері, кәсіпкерлер, инвесторлар, топ-менеджерлер, университет ректорлары және басқа да танымал тұлғалар бар.